Валюта бағамы
  • USD -

    473.1
  • EUR -

    552.5
  • RUB -

    6.53
«ASHYQ ALAŃ» — АЙРЫҚША ЖОБА
qazaqstan.tv 05 қыркүйек 2019
«ASHYQ ALAŃ» — АЙРЫҚША ЖОБА

Соңғы жылдары мемлекеттік ақпарат құралдарына бақылаудың күшеюі немесе «орындықшыл» медиа менеджерлердің әсіре сақтығы мемлекет қаржыландыратын ақпарат құралдарына деген сенімге селкеу түсірді. Соның салдарынан жұрт жаппай әлеуметтік желіге көшіп, кім не жазса, соны оқитын болды. Дерек-дәйегі жоқ, бір адамның ой-қиял, болмас-болжамына негізделген ақпараттар легі көрерменнің талғамын таяздатып, ой-жүйесіне салқынын тигізді. Сапалы ақараттар легі тым аз. Сондықтан қазіргі кезде дәстүрлі медиаға әсіресе, мемлекеттен қолдау көріп отырған медиаларға халықтың әлсіреген сенімін қайта күшейтіп, жаңаша форматта түлеу ең басты мақсат болса керек.

 

Биыл «Qazaqstan» Ұлттық арнасының жаңа маусымға дайындаған 14 жаңа жобасының ішінен «ASHYQ ALAŃ» қоғамдық-саяси ток-шоуы алғашқы күннен-ақ дараланды. Эфирге жол тартқан сәтте биліктің жырын жырлайтын, пропағандалық соқпақтағы көп бағдарламаның бірі болатын шығар деп күмәнмен қарағанымыз да рас. Бірақ, атына заты сай болып, бағдарламада қоғамдық мәселелердің өткір айтылып, бүкпесіз ашық талқылануы көңіл қуантты. Студияның декорациясы мен безендірілуінде де айрықша мəн бар, соны форматпен үйлесім тапқан. Алты спикер қатысатын, тікелей эфирде шығатын, студия көрермендерінің сұрағы мен телефон арқылы қойылатын сауалы бар, ең бастысы-күнде шығатын мұндай бағдарламаны басында көз алдымызға елестете алмағанбыз. 
Көп бағдарламалардың бағын жүргізуші ашып жатады. Бұған дейін бірталай бағдарлама арқылы көрермен көзайымына айналған, көзіне цензураның қамшысы тимеген Нартай Аралбайұлы əдеттегідей "жандырды". Бір сағаттай уақыттың қалай зыр ете қалғанын байқамаппыз. Арасында көреременнің көкейіндегі сауалды қоюға арналған "Ашық микрофоны" да ерекше. Тікелей эфирге көрермендер қоңырау шалып та сауалдарын қойып жатты, Ал скайф арқылы да тиісті адамдармен байланыс орнатылып, эфирден мезетінде көрсетіліп отырды. Тіпті көрермендер көкейдегі сұрақтарын бағдарламаның арнайы ватсап нөмірі арқылы да, бағдарламаның ресми парақшасы арқылы да қоя алатыны сүйсінтті. Аудиториямен байланыста мін жоқ. Бұның бәрі ұжымның, айналып келгенде үлкен дайындықтың жемісі. Ток-шоудың мақсаты - қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерді, елдің саяси өміріндегі түйтікілді тақырыптарды көпшілік талқысына салу. Атап айтқанда, ел өміріндегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік оқиғалар мен сан саладағы өзекті де өткір мәселелер бағдарлама тақырыбына арқау болып, арнайы шақырылған спикерлер терең талқыға салады. Бұрындары мұндай бағдарламаларды Түркия, Ресей, АКШ, Украина сынды елдердің арналарынан көріп, қызығып қана қоятынбыз. Енді міне, олардан артық болмасақ, кем емес екенімізді көріп қуанып отырмыз.

Бұл «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа басшысы Ләззат Танысбайдың әрбірден соң Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың үлкен ұтысы. Билік пен халықтың арасындағы диалогты арттырып, өзекті мәселелерді бірге талқылауға жасап отырған нақты қадам. Бағдарлама ары қарай да дамып, жаңа деңгейге көтеріле береріне сенім мол. Жаңа бағдарлама халқымызға қайырлы болып, ұзағынан сүйіндірсін! Төменде «ASHYQ ALAŃ» жобасына қатысты біраз адамның пікірін бергенді жөн көрдік. 

Мұрат ӘБЕНОВ, қоғам қайраткері

Демократиялық өзгерістер елімізде басталғаннын қалай білеміз? 
Оның бір көрінісі - БАҚ жұмыстарының ашықтығынан байқалу керек. Әсіресе, мемлекеттік телеарналарда сөз еркіндігі болса.... 
Бүгін "Қазақстан" арнасында "Ашық Алаң" жаңа пікір алмасу ток-шоу бағдарламасының тұсаукесері өтті! Тікелей эфирде – цензурасыз, монтажсыз шығады екен. Ашық десе ашық түрде пікір айту мүмкіншілігі бар, сөзді, ойды шектемеді. Маған бұл бастама ұнады! Бізге осындай хабарлар көптеп керек. Сол арқылы азаматтардың қоғамдық саяси сауаттылығы жоғарылайды. Билікке де жақсы - қоғамдағы жағдайды өз аузынан бүкпесіз біліп отырады. 
Жұрналист Нартай Аралбайұлы мықты екен, ашық пікір айтуға тартады, өзі тақырыпты жақсы түсінеді, және сын көзқарастарды шектемейді. 
Жаңа жобаға сәттілік тілегім келеді. 
"Қазақстан" арнасына осындай жаңа жобаларды көбірек эфирге шығаруды ұсынамын. Сонда тарап кеткен көрермендер фейсбуктен телеарнаға қайта оралар. Ойын-сауық, өсек-аян, әзіл- сықақ хабарлардан азаматтар шаршағаны қашан... Қоғамға пайдалы өзекті ақпарат керек.

Айгүл ОРЫНБЕК, белгілі блогер, Ұлттық кеңестің мүшесі

Биліктің беті бері қарап жатыр. 
Бұрын осындай үлкен мәселелерді қозғап, шығарған эфирлерімді шығармай қойған жеке телеарналар. Ал ұлттық арна бұл жолы сенсация жасады. "Ашық алаң" бағдарламаны ойлап тапқан, шығарған адамға да үлкен рахмет! Хабардың ертегісін тыңдап шаршаған халық, бүгін экран бетіне жиналды деп ойлаймын! Соңына дейін сенбедім эфирге шығаратынын. Арыстықтардың мәселесі бір эфирмен бітпейді. Бұл тақырыпқа қайта ораламыз "Ашық алаңға " деген үміттемін! Президент Тоқаев шынында да өзгеріске дайын екен...

Мұхамеджан ТАЗАБЕК, «Асыл арна» телеарнасының бас директоры

Нартай Аралбайұлы жүргізетін "Ашық алаңды" түннің бір уағында көріп отырмын... Ынсапты, түсінікті, жан-жақты жақсы бағдарлама болды. Ақырына дейін көрдім. Біраз ой түйдім. Осындай деңгейлі бағдарламалардың жолы болсын!

RELATED NEWS
Өз үйің – өлең төсегің емес, өміріңнің тынысы
29 сәуір 2026
Өз үйің – өлең төсегің емес, өміріңнің тынысы

Қазақ «Өз үйім – өлең төсегім» дейді, және бұл сөзді біз көбіне жай ғана жылы тіркес ретінде қабылдаймыз, бірақ оның астарына үңілсек, бұл – адамның болмысын, оның өмірдегі орнын айқындайтын терең философия екенін аңғарамыз, өйткені өлең төсегі денеге жайлы болса, үй – жанға жайлы, ал жан тыныш болмай, адам толық бақытты бола алмайды.

Біз кейде үйді шаршы метрмен өлшеп, оның бағасын нарықпен белгілеп, қолжетімділігін несие шарттарымен есептеп жүрміз, алайда осы есептің арасында үйдің ең басты мәні – адамның ішкі тыныштығы екені екінші қатарға ығысып бара жатқанын байқамай қаламыз, сондықтан да «үй – мүлік» деген түсінік күшейген сайын, «үй – өмір» деген ұғым әлсіреп бара жатқандай әсер қалдырады.

Қазақ «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деп бекер айтпаған, өйткені бұл жерде сөз тек баспана туралы емес, адамның қоғамдағы орны, оның тұрақтылығы мен ертеңге деген сенімі туралы болып отыр, ал осы сенім әлсіреген жерде кез келген әлеуметтік саясаттың да әсері шектеулі болатыны белгілі.

Мәселе – баспанада емес, оған деген көзқараста

Осы тұрғыдан қарағанда, Астанада іске қосылған Shanyraq жобасы жай ғана тұрғын үйге қатысты кезекті бастама емес, керісінше, қоғамның баспанаға деген көзқарасын қайта қарауға жасалған талпыныс деп айтуға болады, өйткені жоба халықтың осал топтарына қауіпсіз әрі қолжетімді тұрғын үйге қол жеткізуді мақсат етеді және бұл бағытта мемлекет пен халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғам мен сарапшылардың күшін біріктіруге ұмтылады.

Қазақстанда бұған дейін де тұрғын үйге қатысты бағдарламалар іске асырылып келді, соның ішінде «Шаңырақ» бағыты арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға жеңілдетілген несие беру қарастырылған болатын, әрі бұл бағдарлама әкімдікте кезекте тұрған азаматтарға арналған нақты тетік ретінде жұмыс істеді , бірақ уақыт өте келе әр отбасының жағдайы бір-біріне ұқсамайтыны, ал бір ғана үлгінің бәріне бірдей шешім бола алмайтыны анық байқалды.

Сондықтан да жаңа жоба тек қаржылық құралдарға сүйеніп қоймай, мәселені кешенді түрде қарастыруды көздейді, яғни тұрғын үй саясатын нақты өмірлік жағдайларға бейімдеу, құқықтық және әлеуметтік қолдауды күшейту, әрі азаматтардың нақты қажеттіліктеріне сәйкес шешімдер ұсыну басты бағыт ретінде алға шықты.

«Бұл – артықшылық емес, негізгі құқық»

Жобаның таныстырылымында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің өкілі Хуана Мера Кабеллоның «Қауіпсіз, лайықты және қолжетімді тұрғын үй – бұл артықшылық емес, негізгі құқық» деген сөзі кездейсоқ айтылған жоқ, өйткені бұл пікір қазіргі тұрғын үй саясатының қай бағытта өзгеруі керектігін нақты көрсетіп тұр, яғни баспана енді тек экономикалық категория емес, әлеуметтік әділеттіліктің өлшеміне айналуы тиіс.

Ал «Отбасы банк» өкілдері өз кезегінде тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, табысы төмен немесе әлеуметтік жағдайы күрделі азаматтарға қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізгенімен, әр отбасының жағдайын терең қарастырғанда әлі де заңнамалық кедергілер мен қайшылықтардың сақталып отырғанын жасырмады, бұл өз кезегінде жүйенің бар екеніне қарамастан, оның толыққанды жұмыс істеуі үшін жаңа тәсілдер қажет екенін аңғартады.

Жаңа кезең – нақты өмірге бейім саясат

Орталық Азия Еуразия қорының директоры Ринад Темірбековтің тұрғын үй саясаты енді нақты өмірлік жағдайларға бейімделуі тиіс деген пікірі де осы ойды толықтырады, өйткені бір адамға тиімді болған шешім екінші адам үшін тиімсіз болуы мүмкін, ал әлеуметтік саясат дәл осы айырмашылықтарды ескермесе, оның нәтижесі де шектеулі болады.

Сондықтан Shanyraq жобасы тек зерттеу жүргізумен шектелмей, нақты әрекеттерді де қамтиды, оның ішінде тұрғын үйлердің қолжетімділік стандарттарына сәйкестігін тексеру, азаматтардың тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндігін арттыру, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің біліктілігін көтеру сияқты бағыттар бар, әрі бұл шаралардың әрқайсысы жеке адамның тағдырына тікелей әсер ететінін ескерсек, жоба ауқымының қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.

Шаңырақ – ұғым, ал ұғым – жауапкершілік

Біз кейде «шаңырақ» сөзін жеңіл қолданамыз, бірақ оның мәнін терең түсіне бермейміз, өйткені шаңырақ – тірек емес, ол – тұтастықтың белгісі, отбасының амандығы мен адамның ішкі тыныштығының символы, ал осы ұғымды нақты өмірде жүзеге асыру – тек бір мекеменің немесе бір бағдарламаның емес, тұтас қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Сондықтан баспана беру – жай әлеуметтік көмек емес, ол – адамның өмірін орнына қою, оның ертеңге деген сенімін қалыптастыру, әрі қоғамдағы тұрақтылықты нығайту деген сөз, ал мұндай міндетті шешу үшін тек қаржы жеткіліксіз, оған жүйелі ой, нақты саясат және адамға бағытталған көзқарас қажет.

Қорытынды: үй – есеп емес, өмір

Қазақ «Өз үйім – өлең төсегім» деп бекер айтпаған, өйткені бұл сөз адамның қай жерде өзін толық сезінетінін, қай жерде оның жаны тыныш табатынын дәл сипаттайды, ал бүгінгі қоғамда осы қарапайым ақиқаттың өзі саясаттың, экономиканың және әлеуметтік шешімдердің өзегіне айналуы тиіс, өйткені үй – есеп емес, үй – өмір.

Ал Shanyraq жобасы сол өмірді реттеуге бағытталған алғашқы қадамдардың бірі ретінде көрінеді, енді оның нәтижесі қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты адамдардың тағдырында көрініс таба ма – уақыт соны көрсетеді.

Баланың миын өзгертетін 15 минут. Қазақстанда жапонның KUMON әдісі неге назар аудартты?
15 мамыр 2026
Баланың миын өзгертетін 15 минут. Қазақстанда жапонның KUMON әдісі неге назар аудартты?

Астанада өткен бір жиын көп адамның назарынан тыс қалуы мүмкін. Бірақ дәл сол жиынның ішінде ертеңгі Қазақстан мектебінің қандай болатынына қатысты үлкен сұрақтың жауабы жатқандай.

14 мамыр күні елордадағы №109 «Келешек мектептері» базасында халықаралық KUMON пилоттық жобасының қорытындысы жарияланды. Бір қарағанда бұл – жай ғана білім беру жобасы. Бірақ мәселенің астарына үңілсеңіз, бұл – баланың миын қайта жаттықтыруға бағытталған жүйе.

Қазір қоғамда бір үрей бар. Баланың зейіні шашыраңқы. Телефонға телмірген ұрпақ ұзақ отырып кітап оқи алмайды. Бір есепке бес минуттан артық шыдамайды. Мұғалім айтып үлгермейді, ата-ана түсіндіріп үлгермейді. Бала тез жалығады.

Жапондар осы мәселені бұдан жарты ғасыр бұрын байқап қойған.

Сөйтіп, 1954 жылы жапон мұғалімі Тору Кумон өз баласына арнайы әдіс ойлап табады. Мақсаты – баланы «жаттататын» емес, өздігінен ойланатын деңгейге жеткізу. Кейін сол тәсіл әлемнің ондаған еліне тарады. Ал бүгінде KUMON әдісі Қазақстанға да келіп отыр.

Жоба Caravan of Knowledge қоры мен Kumon Institute of Education арқылы жүзеге асуда. Оған Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі қолдау білдіріп отыр. Ал қаржылық серіктестер қатарында Chevron мен INPEX компаниялары бар.

Пилоттық жоба Астанадағы «Келешек мектептері» жүйесіне енгізілген. Бағдарламаға 3-сыныптың 39 оқушысы қатысыпты. Балалар күн сайын небәрі 15 минуттан планшет арқылы тапсырма орындаған.

Бірақ мәселе уақыттың аз-көптігінде емес. Мәселе – жүйеде.

Жапон әдісі баланы бірден күрделі есепке тастамайды. «Бала сүрінбей жүрсін десең, алдымен табанын қатайт» деген қазақы қағидаға келеді. Оқушы өз деңгейінен бастайды. Қарапайымнан күрделіге біртіндеп өтеді. Ең бастысы – ешкім оны сүйремейді. Бала есепті өзі шешуге үйренеді.

Қазақ «Балық берме, қармақ бер» дейді. KUMON-ның философиясы да осыған жақын.

Жоба нәтижесі де жаман емес.

Тестілеуде ең жоғары нәтиже көрсеткен балалардың үлесі 36,8 пайыздан 81,3 пайызға дейін өскен. Ал төмен нәтиже көрсеткен оқушылар саны мүлде нөлге түскен.

Бұдан да қызығы – балалардың тек білімі емес, мінезі өзгере бастаған.

Мұғалімдер балалардың зейіні артқанын айтады. Бұрын саусақпен санайтын оқушылар ойша есептеуге көшкен. Тапсырманы тез орындай бастаған. Ең бастысы – өз күшіне сенім пайда болған.

Сынып жетекшісі Мақпал Қанатовна:

«Балалардың зейін қоюы, тапсырмаларды орындау жылдамдығы және математикаға қызығушылығы айтарлықтай жақсарды. Олар тапсырмаларды сенімдірек әрі жылдамырақ орындай бастады», – дейді.

Ал педагог Жанар Амангелдиевнаның сөзінде бүгінгі мектеп үшін өте маңызды мәселе жатыр.

«Балалар тұрақты тәжірибе мен біртіндеп оқудың маңызын түсіне бастады», – дейді ол.

Қазіргі қоғамның ең үлкен мәселесінің бірі де осы емес пе?

Біз бәрін тез қалаймыз. Жылдам нәтиже күтетін заманға кірдік. Бірақ адамның миы TikTok-тың жылдамдығымен емес, табиғаттың ырғағымен дамиды. KUMON сол табиғи ырғақты қайтаруға тырысады.

Бұл жобаның тағы бір ерекшелігі – мұғалімнің рөлін өзгертуі.

Біздегі жүйеде мұғалім көбіне ақпарат жеткізуші ретінде қалып қойды. Ал KUMON-да ұстаз бағыт беруші. Ол баланың орнына есеп шығармайды. Қателігін бетіне баспайды. Баланың өздігінен табуына мүмкіндік береді.

Қазақ «Баланы бесіктен тәрбиеле» дейді. Ал жапондар сол тәрбиені күнделікті дағды арқылы қалыптастырады.

Күніне 15 минут.

Бірақ сол 15 минуттың ішінде тәртіп бар. Тұрақтылық бар. Жүйе бар.

Жобаға қатысқан ата-аналардың пікірі де қызық.

Олар балалардың тек математикасы емес, жауапкершілігі өзгергенін айтады. Өздігінен отырып тапсырма орындай бастаған. Қатарынан қалмауға тырысады. Бұл енді жай есеп емес, мінез тәрбиесі.

Әлемде білім саласындағы бәсеке әлдеқашан басталып кеткен. Қазір мемлекеттер мұнаймен емес, миымен жарысады. Кімнің баласы ертерек ойлануды үйренсе, сол ел ұтады.

Қазақстан үшін де бұл – маңызды кезең.

Өйткені соңғы жылдары еліміз мектеп салуға көп көңіл бөлді. «Жайлы мектептер» салынып жатыр. Инфрақұрылым күшейді. Бірақ мектептің қабырғасынан бұрын, оның ішіндегі баланың ойлау жүйесі маңызды.

Ал KUMON сияқты жобалар сол ойлау жүйесін өзгертудің бір тетігі болуы мүмкін.

Жапондарда бір сөз бар: «Баяу жүрген адам да тоқтамаса, межеге жетеді».

Қазақ та бекер айтпаған:
«Тамшы тас жарады».

Мүмкін, күніне 15 минуттан басталған осы тәжірибе ертең Қазақстан мектебіндегі үлкен өзгерістің басы болып қалар.

7 мыңнан астам жас қазақстандық баспаналы болды
26 ақпан 2025
7 мыңнан астам жас қазақстандық баспаналы болды

«Қазақстанның болашағы – отаншыл, білімді, еңбекқор азаматтардың, яғни жастардың қолында. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін!» – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

2024 жылы қазақстандық жастармен жұмыс істеудің басты бағыты «Адал азамат» тұжырымдамасы болды. Бұл бағытты Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айқындап берді. Тұжырымдама адалдық, әділдік және еңбекқорлық секілді құндылықтарды насихаттауға негізделген.

Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі – жастарды жұмыспен қамту мәселесі. 2024 жылы 400 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды.

Еліміздің бірнеше өңірінде оқыту және жұмысқа орналастыру бағдарламалары жүзеге асты. Атап айтсақ, Астанада – «Jol Tap» (3,9 мың адам оқудан өтті), Алматы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында – «Jumys Tap» (10 мың адам жұмыспен қамтылды) бағдарламалары. Сондай-ақ Алматыда «Jobfair365» платформасы жұмыс істейді, оның көмегімен 2,5 мың жас маман жұмысқа орналасты.

Астанада «Jol Tap» жобасы аясында 19,5 мың азамат мемлекеттік қолдау шараларының  52 түрі бойынша кеңес алды. Олардың ішінде 3,9 мың адам 10 түрлі мамандық бойынша оқытылды (тігінші, бариста, сатушы-кассир, электргазбен дәнекерлеуші, бухгалтерлік есептің негіздері, аяқ киім жөндеу және кілт жасау, корпустық жиһаз жасау негіздері, май және дөңгелек ауыстыру жөніндегі авто-маман, Kaspi дүкеніндегі сауда негіздері және т.б.)

Жастар ресурстық орталықтары 2024 жылы кәсіптік бағдар беру мақсатында 500-ден астам бос жұмыс орын жәрмеңкесін ұйымдастырып, 1 миллионнан астам кеңес беріп үлгерді (заңгерлік, психологиялық, кәсіптік бағдар, мемлекеттік бағдарламалар, волонтерлік, жұмыспен қамту және т.б.).

NEET санатындағы жастарға да ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта бұл санатқа жататын 160 мыңнан астам жас бар. Олар – білімі мен жұмысы жоқ қазақстандық жастар. NEET жастарының бастамаларын қолдау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Zhas project» аясында 280 грант бөлді (әр гранттың мөлшері – 1 миллион теңге).

Сонымен қатар 20 жылдан астам уақыт бойы елдің әр өңірінде жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» жобасы жүзеге асып келеді. Соңғы 3 жылда 100 мыңнан астам жас қамтылса, оның 30 мыңнан астамы – ауыл жастары.

Мемлекет жастарға тұрғын үй мәселесін шешу бойынша жүйелі қолдау көрсетіп келеді. 2017 жылдан бастап, мемлекеттік бағдарламалар аясында 7 200-ден астам жас қазақстандық баспанаға ие болды.

Бүгінде «Отбасы банк» және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, елдің 16 өңірінде жұмыс істейтін жастарға арналған арнайы ипотекалық бағдарламалар да іске қосылды. Шарттарын атап айтатын болсақ, 10% бастапқы жарна төленіп, пайыздық мөлшерлемесі 5%-дан басталады, 19 жылға дейін несие беріледі.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады, бірақ отбасылы болған жағдайда ерлі-зайыптының біреуі ғана  өтініш бере алады.

Сондай-ақ жастар үшін арнайы квоталар қарастырылған республикалық тұрғын үй бағдарламалары да бар.  Атап айтсақ, «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары. 2024 жылы осы бағдарламалар аясында 3 923 жас азаматқа жалпы сомасы 103,4 млрд теңге несие берілді. «Отау» бағдарламасы бойынша 1 450 жас азамат жалпы сомасы 31,7 млрд теңге көлемінде несие алды.

Жастар саясатының басты бағыттарының бірі – кадрлық әлеуетті арттыру.«Президенттік жастар кадрлық резерві» – Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылдан бастап іске асып келе жатқан жоба. Қазіргі уақытта 315 резервтегі жас  мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарға тағайындалды.

Жобаға қызығушылық жыл сайын артып келеді (2019 жылы – 13 мың адам, 2021 жылы – 22 мың адам, 2023 жылы – 31 мың адам). Үш іріктеудің нәтижесі бойынша 400 адам Резервке қабылданды (2019 жылы – 300 адам, 2021 және 2023 жылдары – 50 адам).

Олар саяси мемлекеттік лауазымдарға, «А» корпусына, сондай-ақ «Б» корпусындағы басшылық қызметтерге тағайындалу мүмкіндігіне ие болды.

2024 жылы алғаш рет барлық өңірде аймақтық кадрлық резервке іріктеу өтті. Оған республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың жергілікті атқарушы органдары қатысты. 505 адам екі жыл мерзімге резервке қабылданып, мемлекеттік органдардың келісімімен «Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурссыз тағайындалу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, Мәжіліс пен мәслихат сайлауында жастарға арналған арнайы квоталар енгізілді, бұл бастама органдардың жұмысына жаңа серпін берді.

Бұдан бөлек мемлекет гранттар мен сыйақылар арқылы жастарға қолдау көрсетіп келеді. 2024 жылы 90 млн. теңгеге «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 30 жасқа табысталды. Жоба алты бағыт бойынша грант бөлді. Атап айтсақ, ғылым, мәдениет, IT, медиа, бизнес, волонтерлік секілді тақырыптар қамтылды.  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының мөлшері 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Биыл жастарға арналған арнайы гранттық жобалар 6 бағыт бойынша (лудомания мен нашақорлықтың алдын алу, жастардың қаржылық және құқықтық сауатын арттыру және т.б.) бөлінеді. Жобаның жалпы сомасы шамамен – 720 млн теңге (2025-2027 ж. ж. кезең үшін).

Стартаптар мен инновациялық бастамаларды қолдау жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың өсуінк ықпал етеді.

Кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін арттырады.

Жалпы, көпвекторлы жастар саясаты жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, олардың азаматтық жауапкершілік деңгейінің артуына ықпал етеді.