Ұстаз мәрбебесін көтеру қазіргі кезде Мемлекет басшысы үнемі айтып, тиісті тапсырма жүктеген маңызды бағыттардың бірі. Себебі ұстаз мәртебесі – ұлттың болашағымен тікелей байланысты. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мұғалімдер үшін бірнеше маңызды қадамдар жасалғанын атап өткен орынды. Енді соларға тоқталсақ.
Бірінші, мұғалімдердің жалақысын айтарлықтай өсті. 2020 жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ға өсті, ал 2023 жылы тағы да екі есеге көбейді.
Екінші, «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заң қабылданды.
Үшіншіден, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған бірнеше бағдарламалар енгізілді және мұғалімдердің әкімшілік жүктемесін азайту бағытында тиісті шаралар қабылданды. Бұл туралы Президент былтыр қазан айында өткен педагогтер съезінде өзі де айтып кетті.
«Менің бастамаммен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Бір сөзбен айтқанда, біз, ең алдымен, білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 5 қазанда өткен съезде сөйлеген сөзінде.
Оқу-ағарту министрлігінің дерегі бойынша, еліміздің мектептерінде 340 958 мұғалім жұмыс істейді. Оның 274 мыңы – әйелдер, 66 мыңы – ер адамдар.
Ахмет Байтұрсынұлынығ «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» деген тәмілімен айтсақ, ұстаздардың білігі мен білімін көтеру, оларға дамуы мен дұрыс жұмыс жасауына жан-жақты қолдау жасай беруіміз тиіс. Тағы да Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевша айтсақ «Алты алаштың баласының басы қосылса, төр мұғалімдікі болу керек». Сондықтан да біз айтып отырған мұғалім мәртебесін көтеру жұмыстары үнемі жүйелі жүргізіле беруі тиіс.