Валюта бағамы
  • USD -

    484.3
  • EUR -

    560.5
  • RUB -

    5.99
АЭС: әлеуметтік саланың дамуына серпін бере ала ма?
aqshamnews.kz 24 қыркүйек 2024
АЭС: әлеуметтік саланың дамуына серпін бере ала ма?

Атом электр станциясы құрылысының пайдалы тұсының бірі – әлеуметтік саладағы жаңа серпін. Әрине, нысан салынатын болса аса қомақты қаржы, сапалы технология, мықты жоспар қажет болады. Еліміздегі сарапшылардың пікірінше, АЭС қызметі Қазақстанның барлық жерінің және АЭС орналасқан өңірдің экономикалық өсуіне ықпал етіп, әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік ашады.
Атом электр станциясы – өте ірі өндіріс. Оның салынып, жұмыс бастауы тұрғыны жоқ өңірлерде жергілікті халықтың пайда болуына айтарлықтай әсер етеді. Бұл үдеріс экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және инфрақұрылымдық аспектілерге оң әсер беруі мүмкін. Дегенмен, атом электр станциясының жұмысы тұрақты дамудың катализаторына айналуы үшін экономикалық пайда, әлеуметтік мүдде және қоршаған ортаны қорғау арасындағы тепе-теңдік қажет.
Әлемдік статистикаға сүйенсек, АЭС арқылы ел экономикасында жақсы өзгерістер мен даму болады. Ірі өндіріс орындары салынады, онда қызмет етуге білікті мамандар шақырылып, халықты жұмыспен қамтаму мәселесі де қатар жүреді. Сонымен қатар, Қазақстандағы білім беру және ғылыми бағдарламалардың дамуына ықпал етеді.
Осылайша, елде ұзақ мерзімді әлеуметтік өзгерістер әкелетін инженер-техник мамандарды даярлау бағдарламалары қолға алынып, оқыту алаңдары да құрылуы мүмкін. Бұл сайып келгенде халықтың білім деңгейі мен технологиялық мәдениетін арттырады.
Инфрақұрылымдық өзгеріс әдетте көлік қолжетімді болғанда, жолдар мен өндірістің жұмыс істеуіне қажетті басқа да нысандарды салудан көрінеді. Әрине, бұл даму халықтың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, қауымдастықтың көршілес өңірлермен байланысын жақсартып, экономикалық өзара қарым-қатынас кезінде және саудада жаңа мүмкіндіктер ашады.
Электр энергиясын экспорттау арқылы мемлекет кірісін ұлғайтып және энергия ресурстарының импортын қысқарта алады. Осылайша ел қоржынына түскен қаражатты денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй және әлеуметтік қорғауды жақсартуға бағыттауға мүмкіндік береді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша 1,5 мыңға жуық тұрғыны бар Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылының маңындағы аумақ атом электр станциясын салуға ең қолайлы аумақ ретінде таңдалды.
 
– Атом электр станциясының салынуы туралы әңгіме 30 жылдан бері пайда айтылып келеді. Жастар қалаға қарай ағылауын тоқтатады деген үмітпен күтті, - деп жазады МИР 24 ақпараттық-сараптамалық интернет-порталы..
Қазақстанда атом электр станциясын салу туралы шешім ағымдағы жылдың 6 қазанында өтетін жалпыхалықтық референдумда қабылданады. Шешім оң болса, АЭС қызметі еліміздің және өндірісі орналасқан аймақтың экономикалық өсуіне ықпал етіп, әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға да мүмкіндіктер ашады.

 Абылова Шалқар, Маңғыстау облысы

RELATED NEWS
Арабтар Қазақстанда жел электр станциясын салады
15 мамыр 2025
Арабтар Қазақстанда жел электр станциясын салады

 

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері Жамбыл облысында «жасыл» энергетика саласындағы ірі жобаны іске асырады, деп хабарлайды Ulys.

Бүгін Сенатта Қазақстан мен БАӘ арасында Жамбыл облысында қуаты 1 гигаватт болатын жел электр станциясы мен 300 мегаватттық энергия жинақтау жүйесін салу жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы талқыланды.

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, Қазақстан жобаны халықаралық Masdar компаниясымен бірлесіп жүзеге асырады. Электр станциясы жылына 3,4 миллиард киловатт-сағатқа дейін электр энергиясын өндіреді. Бұл көмірқышқыл газы шығарындыларын 2 млн тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Ал қуаты 300 мегаватт болатын энергия жинақтау жүйесі электр қуатына сұраныс жоғары кезеңдерде тұрақты энергиямен қамтамасыз етпек.

«Жоба аясында 1,4 миллиард АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тарту көзделіп отыр. Құрылыс кезінде мыңға жуық уақытша жұмыс орны құрылса, жоба пайдалануға берілгеннен кейін 100-ге тарта тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазақстандық мамандар жаңа технологияларға қол жеткізіп, біліктілігін арттыра алады. Сондай-ақ, жоба аясында ұзындығы 425 шақырымдық жоғары кернеулі электр жеткізу желілері салынады. Бұл еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын энергетикалық инфрақұрылымды нығайтады», - деп атап өтті Энергетика министрлігі.

Жобаны жүзеге асыру барысында инвесторлар қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдаланбақ.

«Жоба халықаралық экологиялық және әлеуметтік стандарттарға толық сай келеді. Бұған қоса Қазақстанның климаттық мақсаттарына қол жеткізуге маңызды үлес қосады», – деді Есімханов.

АЭС жобасына француз акценты: Қазақстанға келген Assystem қандай компания?
12 маусым 2025
АЭС жобасына француз акценты: Қазақстанға келген Assystem қандай компания?

Қазақстанда атом энергетикасы жайлы әңгіме биыл күшейіп тұр. Үкімет білек сыбана кіріскенмен, халық екіұдай пікірде. Бірі қауіптенеді, бірі үміттенеді. Еліміз АЭС саламыз десе – әлем қарап отыр. Ал Қазақстан сол жауапкершілікті мойнына алып, алға қарай қадам басуда.

Сол сәтте сахнаға шыққан бір шетелдік серіктес бар. Аты – Assystem. Қайдан келді, не үшін келді, кім үшін жұмыс істемек?

 Француз ізімен келген тәжірибе 
Assystem – Францияда негізі қаланған, ядролық инженерия бойынша әлемдегі ең ірі үш компанияның бірі. Қазіргі таңда 12 елде 8 000-нан астам маманымен жұмыс істейді. 55 жылдан бері инженерия, цифрлық шешімдер, жобаны басқару мен құрылысты қадағалау бағытында қызмет көрсетеді.

Басты ерекшелігі – қауіпсіздік пен сенімділікке құрылған жоғары технологиялар. Assystem ядролық станцияны жобалап қана қоймайды, оны басқару жүйесіне дейін жетелейді.

 Assystem – енді Қазақстанда 
2025 жылдың басынан бастап Assystem Қазақстанның атом энергетикасын дамыту стратегиясына ресми түрде араласты. Ол «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің техникалық кеңесшісі ретінде бекітілді.

Француздар бұл жобада не істейді? Олар АЭС салу барысындағы инженерлік шешімдерді тексереді, құрылысты бақылауға көмектеседі және жобалық басқару жұмыстарын үйлестіреді. Яғни, технологиялық процестің әділ төрешісі де, сенімді серігі де болмақ.

 "Қазақстан-2050": мұнайсыз болашақтың энергиясы 
Assystem Қазақстанға бизнес үшін ғана емес, болашақтың энергетикалық архитектурасын бірге тұрғызу үшін келіп отыр.

"Қазақстан-2050" стратегиясында 2050 жылға қарай еліміздің энергия өндіруінің 50 пайызы көмір мен мұнайдан емес, таза көздерден алынуы тиіс делінген. Қазір бұл көрсеткіш 30 пайыз шамасында. Демек, АЭС – көмірсіз келешектің бірден-бір баламасы.

 МАГАТЭ ұсынған жолмен 
Assystem АЭС жобасына халықаралық талаппен қарайды. Компания 2025 жылдан бері КАЭС-ке (ЖШС) технология таңдау әдіснамасын жетілдіруге көмектесіп келеді. Бұл процесте МАГАТЭ ұсынымдары – әсіресе NP-T-1.10 стандарты – негізге алынған.

 Француз сөзі – байсалды уәде 
Assystem компаниясының бас директорының орынбасары Стефан Обарбье былай дейді:
«Қазақстанның жаңа атом бағдарламасында серіктес болуға қуаныштымыз. Бұл бағдарлама өте маңызды. Біз оның қауіпсіз әрі тиімді жүзеге асуына үлес қосуға дайынбыз».

 Assystem – ядроның инженерлік ақылгөйі 
Assystem – жәй мердігер емес. Ол – күрделі инфрақұрылымға инженерлік дем беретін жүйе.

Компания тек реактор салып кетуді емес, тұтас технологиялық мәдениетті енгізуді көздейді. Оның фокусында – төмен көміртекті болашақ. Яғни ядролық және жаңартылатын энергия, таза сутегі, электр желілері мен көлік инфрақұрылымын декарбонизациялау.

 Қорытынды 
Қазақстан ядроға иек артып отыр. Бұл – үлкен тәуекел. Ал Assystem – сол тәуекелге халықаралық тәжірибе арқылы кепіл болуға дайын.

Атом энергиясы – бүгінгі емес, ертеңгі әңгіме. Сол ертеңге барар жолда Қазақстанның жанында кімдер болмақ? Қазірше бір жауабы бар: француздар.

Power Central Asia + China форумы мұнай-газ химиясы мен «жасыл» энергетика саласында стратегиялық жобаларды іске қосады
16 маусым 2025
Power Central Asia + China форумы мұнай-газ химиясы мен «жасыл» энергетика саласында стратегиялық жобаларды іске қосады

Бүгін АстанадаPower Central Asia + China алғашқы өңірлік энергетикалық форумы басталды. Халықаралық шара ҚР Энергетика министрлігі мен «Инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығының» (АСИИР) ұйымдастыруымен өтуде. «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында ұйымдастырылған басқосуда үкіметтік және іскерлік топ өкілдері энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық бастамаларды талқылап, іске қосуды жоспарлауда.

Форумның басты мақсаты – Мемлекет басшылары  қол жеткізген екі ел арасындағы саяси ынтымақтастық пен келісімдерді іске асыру. Нәтижесінде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтатын, шикізатты терең өңдеуді жеделдететін және тиімді энергетикалық экономикаға көшуге жағдай жасайтын стратегиялық жобалар жүзеге асып, ірі инвестициялық келісімдер жасалады.

Форумның негізгі бағыттары

ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жиынды ашып, өз сөзінде форумның негізгі басымдықтарын атап өтті:

«Энергетикалық ынтымақтастық – Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестіктің өзегі. Бүгінде біз «алтын отыз жылдыққа» қадам баса отырып, мемлекетаралық байланысты дамыту тарихында жаңа деңгейге көтеріліп жатырмыз. Негізгі бастамалар қатарында – Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауыт салу, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында ауқымды жобаларды іске асыру бар. Бұл – әртараптандырылған, технологиялық экономика құруға бағытталған қадамдар».

Флагмандық жобалар мен келісімдер

Пленарлық сессия барысында Қазақстан мен Қытай өкілдері стратегиялық келісімдер арқылы жүзеге асырылатын жобаларды таныстырды:

Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту: ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ мен CNPC зауыт қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыруға бағытталған негіздемелік келісімге қол қояды. Нәтижесінде еліміздің шикізат өңдеу, мұнай өнімдерін экспорттау әлеуеті артады.

Газ саласы: Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауытты іске қосу. Негіздемелік келісім «QazaqGaz» ҰК, Ақтөбе облысы әкімдігі мен қытайлық серіктестер арасында жасалады. Сонымен қатар, China Construction Bank Corporation инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін 1 млрд доллар көлемінде несиелік желі ұсынатын болады.

«Жасыл» энергетика: Форум жаңа бастамаларға жол ашады. Мәселен, энергия жинақтау құрылғысымен жабдықталған «Сауран» күн электр станциясының құрылысы, China Southern Power Grid компаниясымен гидроаккумуляциялық станциялар салу және China Energy International компаниясымен сутегі энергетикасы саласында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жоспарланған.

Технологиялық ынтымақтастық және өндірісті жергіліктендіру

Қытайлық PowerChina, Huawei және Longi корпорациялары Қазақстан аумағында озық технологияларды енгізіп қана қоймай, оларды жергіліктендіруге де дайын екендіктерін жеткізді. Форум аясында зерттеу және даму (R&D) орталықтарын құру, цифрлық шешімдерді енгізу және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту жөнінде бірқатар келісімдер жасалады.

Қорытынды және тың жобалар бастауы

Форумдағы шешуші сәт – энергетика саласының жетекші өкілдері мен инвесторлардың келісімдер топтамасына ресми қол қою рәсімі. Негізгі құжаттардың қатарында Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту, газ-химия өндірісін құру және жаңартылатын энергия көздері технологияларын енгізу жөніндегі келісімдер бар.

Power Central Asia + China форумы Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика саласындағы әріптестіктің стратегиялық маңыздылығын көрсетті. Қол қойылған келісімдер мен ауқымды жобалар өңірлік энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақты экономиканың негізі болмақ.