Адам өлтіргені үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulys Бас прокуратураға сілтеме жасап.
«2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген. Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды, ал екіншісі тергеуден қашып үлгерді, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды», - делінген хабарламада.
Тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланған.