Валюта бағамы
  • USD -

    493.9
  • EUR -

    575.5
  • RUB -

    6.31
«АБАЙ» АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛАДЫ
egemen.kz 01 қараша 2019
«АБАЙ» АКАДЕМИЯСЫ АШЫЛАДЫ

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан «Абай» академиясы ашылады. Бұл туралы Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Мемлекет басшысының келісіміне сәйкес, «Абай» академиясын ашу жөніндегі нақты тапсырмаға орай біз дайындық жұмыстарын аяқтауға көштік. Жалпы, Абайтану мәселесімен осы уақытқа дейінде құзырлы ғылыми мекемелер айналысуда. Мәселен, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының тұтас бір бөлімі арнаулы тақырыпта жұмыс атқарып жатыр. Енді біздің универсиеттің жанында құрылатын институт та осындай игілікті іске өзіндік үлесін қоспақшы», - деді Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов. Оның айтуынша, институттың миссиясы - Абай мұрасын жан-жақты таныту мақсатында пәнаралық зерттеулер жүргізу, Абайтану бағытында жетекші ғылыми иститут болу, монографиялар, ғылыми жинақтар, оқу әдәістемеліек және жаңа технологияға негізделген құралдар әзірлеу. Басты мақсаты - Абай мұрасы және қазақ қоғамы аясында ұлтың әдебиеті мен тарихын, рухани-мәдени мұраларды, ақыл-ой тұжырымдамаларды отандық, түркілік, әлемдік санатта зерделейтін ғылыми әлеуетті орталық құру. «Негізгі міндеттері – абайтануға қатысты сан қырлы аспектілерге зерттеулер ұйымдастыру, Абай тұлғасы мен мұрасын жаңа қырынан танытып, дүниежүзі кеңістігіне таныстыру, Абай және қазақ қоғамы жобасы аясында ұлт әдебиеті мен тарихы және мәдениеті деректерін жинақтау жүйелеу, саралау, зерделеу», - деді Ерлан Сыдықов. Ректордың айтуынша, «Абай» академиясы Қазастанның шетелдегі Елшіліктері жанынан ашылған Абай орталықтарына оқу құралдарын әзірлеу, электрондық оқулықтар даярлау, ұтқыр қосымшалар жасау және әдістемелік көмектер көрсету жұмыстарын атқарады. Институт аяғынан тұрғаннан кейін халықаралық байланыстарды күштейтеді. Осы уақытқа дейін тарихта бар Гете институты, Лермонтов орталығы, Пушкин институты сияқты әлемдік деңгейдегі ғылыми мекемелермен байланыс орнатады. «Институт Абайдың 2 томдық шығармаларын текстологиялық тұрғыда қайта қарап, толықтырып шығарады. Абайдың ғылыми өмірбаянын әзірлейді. «Құнанбай» тарихи-өмірбаяндық зерттеуі «Тамаша адамдар өмірі» сериясымен қаңтар жарық көреді. Академия 2020-2022 жылдары ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы 16 зерттеу мен монография, 7 оқу және оқу құралын, 7 қолданбалы танымдық құрал шығарады. Институт жобасының үш жылдық бюджеті 288 млн теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде 2020 жылға – 120 млн, 2021 жылға – 88 млн, 2022 жылға – 78 млн теңге. Айта кету керек, институттық базалық қаржыландыруын ЕҰУ өзі қамтамасыз етеді. Кітаптарды басып шығаруға демеушілер, мецанаттар тартылмақ», - деді ол.

RELATED NEWS
Қазақстан мен Түркия кітіпхана жүйесін бірлесіп дамытпақ
20 тамыз 2025
Қазақстан мен Түркия кітіпхана жүйесін бірлесіп дамытпақ

89-шы халықаралық кітапханалық және ақпараттық конгресі (IFLA) аясында 2025 жылғы 19 тамыз күні Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының «Балалар кітіпханасы: Оқушы– оқырман. Озық ой. Адал азамат» тақырыбындағы білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған республикалық секциясына Түркия Республиксы мәдениет және туризм министрлігі кітапханалар мен басылымдар ю басқармасының директоры Танер Бейоғлы қатысты. 


Өз сөзінде Бейоғлы «Атажұртқа анажұрттан ыстық ықыласымызды, сәлемімізді ала келдік. Қазақстанда алғаш рет 89-шы халықаралық кітапханалық және ақпараттық конгресі (IFLA) өтіп жатыр. Қазақстан осы тарихи оқиғаны көрегендікпен әрі биік деңгейде қабылдап отыр. Түркия бұл конгресті 1995 жылы қабылдаған болатын. Анкарадан Астанаға дейінгі жол – біздің өңірдің кітапхана ісі мен мәдени ынтымақтастықтың жаһандық күн тәртібін қалыптастырудағы өсіп келе жатқан рөлін көрсетеді.

Кітапханалар тек жеке тұлғаның дамуына ғана емес, қоғамның зияткерлік және мәдени болмысының қалыптасуына да шешуші ықпал етеді.
Түркияның түкпір-түкпірінде біз әртүрлі даму кезеңдеріне бейімделген бөбек және балалар кітапханаларын құрып жатырмыз. 0–3 жасқа арналған кітап бұрыштарынан бастап, 4–6 жасқа арналған шығармашылық аймақтарға және 7–14 жас аралығындағы балаларға арналған оқу мен білім кеңістіктеріне дейін бұл кітапханалар балалардың кітаппен терең, қуанышты әрі берік байланыс орнатуына жағдай жасайды.

Ертегі сағаттары, шығармашылық драма, ғылыми шеберханалар, логикалық ойындар және интерактивті цифрлық контент арқылы біз оқу тәжірибесін байытамыз. Технологияны кіріктіру қиялды, сыни ойлауды және өзіндік сенімділікті қолдайды – бұлар білім қоғамына белсенді қатысу үшін қажетті дағдылар.

Баланың кітаппен ерте байланысы тек сауаттылықты қалыптастырмайды; ол этикалық жауапкершіліктің, тәуелсіз ойлаудың және азаматтық сананың негізін қалайды. Осы тұрғыдан алғанда, кітапханалар тек білім беруде ғана емес, сондай-ақ тұлға тәрбиесінде де орталық рөл атқарады.

Бауырлас ел Қазақстанмен  тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және балаларға шығармашылық және шабыттандыратын оқу ортасын қамтамасыз ету үшін бірге еңбек етуге дайынбыз»,-деді.

Секция жұмысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, білім басқармаларының кітапхана ісі жөніндегі мамандары, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің қызметкерлері, автоматтандырылған ақпараттық кітапхана жүйелерінің авторлары, баспа қызметкерлері және республика мектеп кітапханашылары қатысты.

«Болашақ» бағдарламасының талаптары өзгерді
21 қаңтар 2025
«Болашақ» бағдарламасының талаптары өзгерді

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу жаңа қағидалары бекітілді, деп хабарлайы Ғылым және жоғары білім министрлігі.

2025 жылғы 17 қаңтардағы Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидаларында сұрыптау тетікті енгізу арқылы конкурстық іріктеуді жаңарту көзделген. Осылайша, осы жаңашылдыққа сәйкес қажетті балл санын жинамаған үміткерлер келесі турға жіберілмейді.

Мемлекеттік қызмет аппаратын одан әрі жақсарту мақсатында «мемлекеттік қызметшілер» категориясы енгізілді. Бұл категория бойынша мемлекеттік қызметкерлерге «магистратура» бағдарламасына қатысу үшін тіл курстарынан өту мүмкіндігі ұсынылады.

Сондай-ақ бағдарлама түлектері еңбек өтілімін Қазақстан Республикасы мүше халықаралық ұйымдарда, мысалы, БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ және ТМҰ сияқты ұйымдарда өтеу мүмкіндігі қарастырылған.

Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттар тізбесіне уәждемелік хат енгізілді. Бұдан басқа, конкурстық іріктеуден өте алмаған үміткерлерге сол күнтізбелік жылы конкурсқа қайта қатысу құқығы беріледі.

Жалпы бұл өзгерістер «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіріп, еліміздің әртүрлі салаларында білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Шетелде оқығысы келетін қазақстандықтарға 2 мыңнан аса грант бөлінді
17 қаңтар 2025
Шетелде оқығысы келетін қазақстандықтарға 2 мыңнан аса грант бөлінді

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн», – деп атап өтті.

34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісімдер жасалды. Бүгінгі таңда елімізде Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 серіктес жоғары оқу орындары жұмыс істейді. 2025 жылы тағы 11 келісімді іске асыру қажет.

Шетелдік серіктестік жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерге арналған 2 090 грант оқуға мемлекет бөлді.

Бүгінгі таңда мыңдаған студент 34 мамандық бойынша білім алады, оның ішінде педагогикалық, инженерлік-техникалық және жасанды интеллект сияқты негізгі бағыттар бар. Бұл мақсаттарға мемлекеттік білім беру гранттары (бірлескен білім беру бағдарламалары және қос диплом бағдарламалары) және мемлекеттің қолдауымен оларға жағдай жасау арқылы инвесторлардың қаражаты бөлінеді.

Шетелдік серіктес ЖОО-ларды іріктеу жекелеген салалардағы кадрлық қажеттілікке және өңірлердің сұраныстарына негізделеді.

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық атом өнеркәсібі, «жасыл» сутекті әзірлеу, Қазақстанда баламасы жоқ су қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты аса сұранысқа ие және тапшы мамандықтар бойынша мамандар даярлауға бағытталған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында мұнай инженериясы, электр энергетикасы және компьютерлік инженерия бағдарламалары бойынша британдық Heriot Watt университетінің филиалы ашылды.

Химия және химиялық технологиялар саласында кадрлар даярлау үшін М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылды.

Педагогикалық кадрларды даярлау мақсатында Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында Гази университетінің (Түркия) филиалы жұмыс істейді.

Бейжің тіл және мәдениет университетінің (ҚХР) филиалы Астана халықаралық университеті базасында жұмыс істейді.

Квинс университетінің филиалы (Ирландия) Нархоз университеті базасында жұмыс істейді.

2025 жылға дейінгі жоғары білім беруді интернационалдандыру стратегиясы шеңберінде шетелдік азаматтарға, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ диаспорасының өкілдеріне арналған стипендиялық бағдарлама іске қосылды.

2024-2025 оқу жылында шетелдік азаматтарға арналған стипендиялық бағдарлама бойынша Қазақстанның 37 ЖОО-да 550 білім алушы қабылданды (бакалавриат - 490, магистратура - 50, докторантура - 10). Стипендиялық бағдарлама тегін білім алуды және ай сайынғы стипендияны қамтиды.

 

Қазақстанда білім беру туризмін дамыту

«Болашақ» халықаралық стипендиясы 30 жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясы техникалық, инженерлік, медициналық және педагогикалық бағыттарға қайта бағытталды.

Осы жылдар ішінде стипендия 12 727 қазақстандыққа әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берді, оның ішінде 55%-ы гуманитарлық, 36%-ы инженерлік-техникалық, 7%-ы медициналық, 2%-ы мәдениет және өнер бағыты бойынша білім алды.

Түлектер әлемнің 30-дан астам елінде 400-ден астам жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқыды және тағылымдамадан өтті.

2024 жылы бағдарлама түлектері 213 мың медициналық ота жасап, 145 мың білім алушы мен студенттерді оқытып, мыңнан астам ғылыми еңбектерін жариялады.

2024 жылы ЖОО контингентіндегі шетелдік студенттердің үлесі 15%-ды құрады, әлемнің 23 елінен 97 университеттермен 245 қос диплом бағдарламасы іске асырылды.

Шетелдік студенттер саны 93 елден 31 400 адамды құрады, бұл 2023 жылғы 82 елден 26 800 студентке қарағанда 4 600 адамға көп.

Қазақстанның жоғары оқу орындарына оқытушылық қызметке 1600-ден астам шетелдік сарапшы тартылды.

2024 жылғы білім беру бағдарламаларының нәтижесінде QS World University Rankings 2024 әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне 21 қазақстандық ЖОО кірді.

«Университет пәндерін оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет. Болашақ мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, заңгерлер және салалық мамандар жасанды интеллект бойынша базалық білімді міндетті түрде меңгеруі керек», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында еліміздің ғылыми ұйымдары мен ЖОО-на халықаралық дерекқорларға тегін қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Google компаниясымен бірлесіп еліміздің 15 жоғары оқу орнының 5000 студентіне арналған жасанды интеллект бойынша курстар іске қосылды.

Coursera онлайн білім беру платформасы жобасы аясында қазақстандық студенттерге 40 мың лицензия бөлініп, 93 жоғары оқу орнынан 153 мың сертификат берілді.

Корея мен Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарымен білім беру және мамандарды бірлесіп даярлау бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үш қазақстандық ЖОО базасында жасанды интеллект мектептері жұмыс істейді:

  • Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің Жасанды интеллект және информатика мектебі ашылды.
  • Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде City University of Hong Kong филиалы ашылды.
  • Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Лу Бань шеберханасының базасында ЖИ бойынша халықаралық зерттеу орталығы және көлікті басқарудың ақылды технологиялар орталығы ашылды.

 

Отандық жоғары оқу орындарында Google, NVIDIA, Huawei, Coursera және басқа да халықаралық технологиялық алпауыттарының тиісті курстары енгізілді.

Coursera, Google, Nvidia, «Huawei Technologies Kazakhstan» LLP, 01 Edu System, Binance Kazakhstan-мен меморандумдарға қол қойылды.

AstanaHub технопаркі базасында бағдарламада Қазақстанның 47 жоғары оқу орнынан 700 оқытушыны қамтитын ЖИ бағыттары бойынша ЖОО оқытушыларын оқытуға арналған толыққанды курстар іске қосылды.

Жасанды интеллект (ЖИ) саласында университетаралық ЖИ стандарты қабылданды, 20 ЖОО-мен 20 білім беру бағдарламасы әзірленді.

Қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде 148 миллиард токен негізінде KazLLM тілдік модельді оқыту аяқталды.

Модель Nazarbayev University, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы және т.б. командасының қатысуымен әзірленді.

Әзірлеуге 117 сарапшы, оның ішінде 40-тан астам ғылым кандидаттары, PhD және зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының магистрлері тартылды.

Министрлік Мемлекет басшысына жасанды интеллект, бағдарламалау және стартап акселерациясын оқитын 100 мың студентті қамтитын басым мамандықтар бойынша барлық деңгейдегі студенттер арасында ЖИ саласындағы дағдыларды жан-жақты дамытуға бағытталған AI-Sana ЖИ бойынша пилоттық бағдарламаны ұсынды.