Валюта бағамы
  • USD -

    501.7
  • EUR -

    586
  • RUB -

    6.51
10 мамырда  Әзербайжан мен Арменияның СІМ Алматыда кездеседі
sova-news.com 06 мамыр 2024
10 мамырда Әзербайжан мен Арменияның СІМ Алматыда кездеседі

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения арасындағы келіссөзі Алматыда 10 мамырда өтетінін айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматы қаласында 10 мамырда өтеді. Алдағы келіссөз тек қана екі тарап арасында жүргізіледі. Астананың делдалдығы туралы сөз жоқ екенін атап өткім келеді. Біз тек қана «Good office» деп аталатын ізгі ниет қызметін көрсетеміз», - деді А. Смадияров министрліктегі апталық брифингте. 

Еске салсақ, Қазақстан Әзербайжан мен Арменияға келіссөз алаңын ұсынғаны хабарланған еді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуға да, Ереванға да жақында жасаған сапарында осы елдер арасында берік, ұзақмерзімді бейбітшілікті тез арада орнатудың маңызын атап өткен. 

RELATED NEWS
Azerbaijan Airlines ұшағын жерден атқылаған - Әзербайжан президенті
30 желтоқсан 2024
Azerbaijan Airlines ұшағын жерден атқылаған - Әзербайжан президенті

“Азаматтық ұшақ Ресей аумағында, Грозный қаласының маңында сырттан зақымданып, іс жүзінде басқарудан айырылған. Біз сонымен бірге ұшақты радиоэлектронды күрес құралдары арқылы басқара алмайтындай жағдайға жеткізгенін де білеміз. Бұл ұшаққа келтірілген алғашқы зақым” деді Әлиев әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында. 

Ол атқылаудың салдарынан ұшақтың артқы бөлігі қатты зақымданғанын айтты. 

Оның сөзінше, түпкілікті қорытынды қара жәшікті ашқаннан кейін белгілі болады. Әзербайжан президентінің сөзінше, ұшақты қасақана атқыламаған.

Әлиев сонымен бірге "қандай да бір газ баллоны жарылды" деп мәлімдеген Ресей билігі кінәсін мойындап, Әзербайжаннан кешірім сұраудың орнына "мәселені жасыруға" тырысты деді.

“Ресейдің ресми құрылымдарының қандай да бір газ баллоны жарылғаны жөнінде болжамды алға тартуы біздің көңілімізді қалдырды әрі таңғалдырды. Яғни, Ресей жағы мәселені жасырғысы келетінін айқын көрсетті және бұл әрине, абырой әкелетін нәрсе емес” деді Әлиев. 

Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды
25 желтоқсан 2024
Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды

Баку-Грозный рейсін орындаған Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 26 желтоқсанда Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды Аzertag агенттігі.

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев тиісті жарлыққа қол қойды.

Еске салайық, бүгін Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Әзірге 28 адам аман қалғаны айтылуда.