Валюта бағамы
  • USD -

    495.9
  • EUR -

    584.5
  • RUB -

    6.49
1 наурыздан намаз уақыты өзгереді
Ернар Балғабай 27 ақпан 2024
1 наурыздан намаз уақыты өзгереді

1 наурызға қараған түні 3 мегаполис пен 11 облыста уақыт бір сағат артқа шегерілуіне байланысты намаз уақыттары да өзгереді. 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. 

Көпшілікке түсінікті болу үшін айта кетсек, бүгінгі таңда Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі бар. Ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан. Жалпы Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін орнатуды уақытты есептеу мәселелері жөніндегі жұмыс тобына кірген қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар ұсынған.

Жұмыс тобы 2023 жылдың ақпанында қазақстандықтардың ең қолайлы уақыт белдеуіне көшу туралы бірнеше мәрте келіп түскен өтініштеріне байланысты құрылған. Бұл мәселені өткен жылдан бастап медицина, физиология, география, метрология және басқа да түрлі салаларды қамтитын жұмыс тобының мүшелері Қазақстанда қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеуде.

Жұмыс тобына қатысушылар UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу ең дұрыс және оңтайлы нұсқасы екенін және Қазақстанның көптеген аймақтары табиғи уақытқа ең жақын уақытты пайдаланатын болады деген ортақ пікірге келді.

Осы ретте біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратқан намаздың жаңа кестесін жариялаймыз.

RELATED NEWS
1 наурыздан намаз уақыты өзгереді
27 ақпан 2024

Нұрлан иман: Дінге, ұлтқа қызмет ету тек мешіт салумен шектелмейді
01 сәуір 2024
Нұрлан иман: Дінге, ұлтқа қызмет ету тек мешіт салумен шектелмейді

Таяуда Атырауда «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты тақырыппен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өткен болатын. Осы құрылтайға арнайы қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды идеологиялық тұжырымдарымыз бен негізгі бағыттарымыз – Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық екендігін жан-жақты айта келе елдегі дін мәселесіне, мешіт мәселесіне де айрықша тоқталған болатын. 
«Елге жанашыр іскер азаматтар бізде де аз емес. Мұндай азаматтар қоғамға қажетті көптеген жобаға қаржы салып, игі істердің басы-қасында жүр. Қайырымдылық және волонтерлік бастамаларға демеушілік жасап келеді. Мемлекет те отаншыл азаматтарды өзгелерге үлгі етіп, оларға қолдау көрсетеді. Әрине, аймақтарда өз қаржысына мешіт салған кәсіпкерлердің ниеті түзу, оны түсінуге болады. Алайда жаңа мектеп, жатақхана, аурухана, кітапхана, мұражай немесе спорт сарайын тұрғызу әлдеқайда маңыздырақ. Мұның сауабы мол. Кейінгі ұрпақ та осындай игі істерге алғыс айтары анық», - деген еді Президент.
Астанадағы «Алланың гүлі» аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имам Нұрлан имам Байжігітұлы да Президенттің мешіт салуға қатысты пікірін құп көретіндігін айтады.
«Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда дінге қатысты өте дұрыс мәселелер көтеріп, мешіт салу ісіне қатысты айрықша тоқталып өтті. Яғни, дінге қызмет ету, ұлтқа қызмет ету тек мешіт салумен ғана шектелмейді. Жол салу, балабақша салу, мектеп салу да ұлтқа қызмет саналады. Мешіт салынған кезде нормативтік-құқықтық актілерінің бәрі реттелуі тиіс және де елімізде орынды жүргізіліп келеді», - деді Нұрлан имам. 
Есте болса, сол құрылтайда Мемлекет басшысы ислам елдерінде әйгілі дін қайраткерлерінің бейіті міндетті түрде жапқышпен жабылатындығын айта келе Ясауи кесенесіне қатысты көне жәдігерге назар аудартқан еді.
«Мәдинадағы Мұхаммед Пайғамбардың қабірі де осылай бүркелген. Бұл – Ислам өркениетінің дәстүрі. Ал қасиетті Түркістандағы Ясауи қабірінде көптен бері арнайы жапқыш жоқ. Талай заманнан келе жатқан көне жапқышты қалпына келтіру жұмысы біраз жыл бұрын басталып, аяқсыз қалған. Мен құзырлы мемлекеттік органға осы құнды мұраны тезірек сапалы жөндеуден өткізіп, тарихи орнына қайтаруды тапсырамын», - деген болатын Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Нұрлан имам дәл осы мәселеге де айрықша тоқталып өтті. 
«Иә, ислам Қожа Ахмет Ясауи сынды тарихи тұлғалардың қабірінде жапқыш болады. Жалпы, жапқыш тек тарихи тұлғаларға ғана емес, кез келген адамның жаназасында жабылады. Онда «Бәріміз жаратқаннан келгенбіз», «Бәріміз Аллаға қайтамыз» деген сияқты ескертпе, аңдатпа дұғалар жазылады. Мұндай жапқыштар бар дүние. Меніңше, бұл жапқышты қымбат тастармен әспеттеп, ерекше дайындаса, өте құнды әрі дұрыс болады. Барлық адамға, әсіресе, мұсылман елдерінен келетін тұлғаларға түсінікті болуы үшін ол кісінің өмірін, еңбектерін араби нұсқада жазып қойған жөн. Ертеректе бабаларымызда каллиграфия өнері жақсы дамыған. Соны қайта жандандыруымыз қажет», - деді Ырыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы.
Сонымен қатар ол Марал ишан, Ырғызбай би, Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлар сынды есімі елімізге танымал адамдардың қабірінде де жапқыш болуы тиістігін баса айтты. 
«Елімізде тыйым салынған «Ата жолы» сынды ұйымдар қабір басына мата жауып кете береді. Қабір басы ақтыққа толып қалады. Шаманизм элементін жасамамауымыз керек. Жалпы, Президентіміздің айтқан сөзінің астарында мұсылман екенімізді көрсететін үлкен даналық жатыр. Сондықтан толықтай қолдаймын», - деді ол.

Мектептерде орамал тағу заңды деген ақпарат жалған - Жоғарғы сот
26 қыркүйек 2024
Мектептерде орамал тағу заңды деген ақпарат жалған - Жоғарғы сот

Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында және әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралуда. Бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды Ulys.

"Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі болып табылады.  Сонымен қатар, бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған. Сондай-ақ, ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз. Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады", - делінген Жоғарғы соттың хабарламасында.

Айта кетсек, бірқатар БАҚ-та мектепте оқушыларға орамал тағуға рұқсат берілді деген сыңайда ақпараттар тараған болатын.