Валюта бағамы
  • USD -

    490.9
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.63
Үш жылда Ұлттық ұланның 11 сарбазы көз жұмды
Фото: ашық көзден 12 қыркүйек 2024
Үш жылда Ұлттық ұланның 11 сарбазы көз жұмды

 3,9 жылда Ұлттық ұлан қатарында 11 сарбаз қаза тапқанын. Бұл туралы   Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов мәлім етті, деп хабарлайды Ulys.

«AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында баяндама жасаған Үмбетов өз сөзінде соңғы үш жыл мен 2024 жылдың 9 айында Ұлттық ұлан қатарында 58 әскери қызметші қаза тапқанын, бірақ, оның бәрі сарбаз емес және жұмыста қаза таппағанын айтты.

«Ұлттық ұлан қатарында соңғы үш жыл мен 2024 жылдың 9 айында 58 әскери қызметші қаза тапқан болса, оның ішінде сарбаздар саны 11 адам. Қалғандары – офицерлер мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери адамдар», - деген ол олардың қалай және неден көз жұматынын түсіндірді.

Үмбетов айтқандай, 2022 жылы екі сарбаз Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан. Бір сарбаз, яғни, Алматы қаласында орналасқан 5574 әскери бөлімінің сарбазы Алмаз Шахимов  Ұлттық ұланның әуел баста берген мәліметі бойынша үстіне шатыр құлап қаза тапқан.

Алайда, анасы оның сүйегін қазып алып, зерттеу жүргізгенде, ұлының денесіне әлдекімдер пышақ сұққанын және темекі іздері барын анықтаған.

«Тағы екі әскери қызметкер жол апатынан қаза тапты. Яғни, өздері демалып жүргенде немесе жұмыстан тыс уақытта жол апатынан қаза тапқандар», - деді ол.

Үмбетовтің сөзіне сенсек, 3,9 жыл кезінде Ұлттық ұланның қатарындағы 29 әскери қызметші аурудан қаза тапқан.

«Олардың ішінде солдат болып қаза тапқаны 4 адам. Яғни, әскерге келген төрт адам денсаулығы жарымсыз болып аурудан қаза тапқан. Тағы бір әскери қызметшіні тоқ ұрып қаза тапты. Биыл бір әскери қызметші демалысы кезінде қайтыс болды. Осылайша, осы 58 фактінің ішінде 2021 жылы 5 солдат, 2022 жылы – 4 солдат, 2023 жылы -  бір солдат қаза тапса, 2024 жылы тоғыз ай ішінде қаза тапқан солдатымыз жоқ. Бұны менің ресми мәлімдем деп қабылдаңыздар», - деді отырыста ол.

Бұған дейін хабарлағандай, төрт жыл ішінде Ұлттық ұланға және өзге де әскери құрамаларға борышын өтеуге барған 310 сарбаз көз жұмған.

RELATED NEWS
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады
02 желтоқсан 2024
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады

Келесі жылы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 41 706 жігітті шақыру жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі «Ашық НҚА» порталында тиісті қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulys.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 41 706 ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Әскерге шақыру пунктері медициналық жұмысты қамтамасыз етеді. Ал Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылатындарды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады.

Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

 Аягөз гарнизонында офицер көз жұмды
20 қыркүйек 2024
Аягөз гарнизонында офицер көз жұмды

Қорғаныс министрлігіне қарасты Аягөз гарнизонында офицер көз жұмған. Гарнизонның баспасөз қызметі әскери қызметкер өз үйінде суицид жасады деді. Бұл оқиғаға Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulsy.

Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев айтуынша, марқұм Аягөз гарнизонына екі жылға шақырылған. 

«Офицер далалық жұмыспен байланысты емес қаржылық қызметте лауазым атқарған. Қоныс аударуына байланысты барлық өтемақыны, ақшаны алды. Кеше соңғы рет әкесімен сөйлескен, әскери қызметке ешқандай шағым түсірмеген. Мүмкін, Аягөз гарнизонына көшуіне, яғни орын ауыстыруына байланысты психологиялық әсер болған шығар. Қазір енді біз болжам жасамай-ақ қояйық. Тергеуші әріптестеріміз мән-жайды анықтайды.  Біз оның ата-анасына, отбасына көңіл айтамыз. Бұл дұрыс емес. Біз шетте қалмаймыз, барлық қажетті тергеу амалдары жүреді», - деді Басхожаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Офицердің өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

 

Төрт жылда Қазақстандағы әскерде жүрген  310 сарбаз көз жұмды
11 қыркүйек 2024
Төрт жылда Қазақстандағы әскерде жүрген 310 сарбаз көз жұмды

2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен, деп хабарлайды Atameken business арнасы.

Қорғаныс министрлігі бейбіт күнде қынадай қырылып жатқан жас жігіттердің өліміне түрлі себептерді атайды: ауру-сырқау, суицид, жол-көлік оқиғасы, тағы басқалар.

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандардың өлімі жылдан-жылға артып келе жатқанын айта кеткен жөн.

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев былтыр 2020 жыл мен 2023 жыл аралығында армияда 270 сарбаздың бақилық болғанын мәлімдеген еді.

Жуырда ғана Ақтауда әскерде жүрген тағы бір сарбаз көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.