ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісі Уфук Екиджиді қабылдап, Қазақстан-Түркия қарым-қатынасы талқыланды.
Аталған ведомства баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар екіжақты саяси-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылаған. Сондай-ақ Түркия Елшісі сенім грамотасының көшірмесін тапсырған. Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымына көз жүгіртер болсақ, 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында 2,8 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл 2018 жылдың осы кезеңіне қарағанда 67% көп (1,5 млрд доллар). Экспорт көлемі 2 млрд доллар, ал Түркиядан Қазақстанға импорт 0,8 млн долларды құрапты.