Валюта бағамы
  • USD -

    518.3
  • EUR -

    586.5
  • RUB -

    6.23
Назерке КЕМЕЛБАЕВА: Түрік руханиятына қызығушылығым кино әлемінен басталды
07 наурыз 2019
Назерке КЕМЕЛБАЕВА: Түрік руханиятына қызығушылығым кино әлемінен басталды

Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы «Жастар жылына» орай талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында өз іс-шараларын бастамақ. Орталық алдағы апта жас суретші Назерке Кемелбаеваның «Қазақстандықтар көзімен Түркия» атты көрмесін өткізеді. Жас таланттың алғашқы жеке көрмесінің тұсауы 14 наурызда кесіледі. Осы орайда түрік мәдениеті мен өнеріне ғашық қыл қалам шеберімен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

- Назерке, алдағы апта жеке көрмең өтпек екен, құттықтаймыз. Алдымен өзіңіз туралы қысқаша айытып берсеңіз.

-Мен 1996 жылы 19 қаңтарда Жезқазған қаласында тудым. Балалық шағым яғни 13 жасқа дейін Семей қаласында өтті. Бұл қаланың маған берген рухани әсері мол болды. Қазақ әдебиетінің ұлы тұлғалары туған, әлем таныған Абай мен Мұхтардың елінде өстім. Мектепті Астана қаласындағы №66 қазақ лицейінде оқып бітірдім. Қазіргі таңда қазақ Ұлттық өнер университеті сценография факультетінің 5 курс студентімін.

-Бейнелеу өнеріне қалай келдің?

- 15 жасымнан бастап Астана қаласындағы «Балалар сурет мектебі. ЮНЕСКО клубы» атты мектепте қосымша сурет өнерін оқи бастадым. Аталған оқу орнынан академиялық білім алдым. 2014 жылы «Шабыт» университетіне оқуға түстім. Университетте ұстаздарым драматургиялық шығармаларға кәсіби теориялық талдау жасауды үйретті. Алған білімім мен тәжірибемнің арқасында академия мен анализді қосқанда жақсы иллюстрация шығатынын түсіндім. Жалпы, біздің үйдегі басты идеология – кітап культі және әдебиет әлемі. Анамның үйде  үлкен жеке кітапханасы бар. Менің анам — Айгүл Кемелбаева жазушы, кинодраматург, эссеші, 5  кітаптың авторы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Үйде  Балнұр екеуміз кішкентайымыздан мамам оқып беретін ертегі кітаптардың мазмұнын жатқа біліп өстік. Иллюстрацияларға қызығып өстім, шимайлап сала беретін балалық суреттерімді мамам сақтап қойыпты. Менің сурет өнерін таңдауыма үйдегі шығармашылық атмосфера айрықша әсер етті.

- Соңғы кезде түрік мәдениеті, тіршілігі мен руханиятына қатысты біраз суреттер салыпсыз. Бауырлас елдің мәдениетіне, өнеріне деген қызығушылық қай кезден, қалай пайда болды?

-Түрік руханиятына қызығушылығым телесериалдардан, кино әлемінен басталды. Шебер түсірілген тарихи фильмдердегі көрікті актерлер, көркем музыка, тамаша костюмдер, дизайн мен  менталитет түгел ұнайды. Әпкемнің кеңесі бойынша бір жарым жыл бұрын Юнус Эмре институтын барып,  түрікше үйрене бастадым. Орталықта оқыған сайын түрік мәдениетіне қызығушылығым артты. Өзім үшін Каппадокияның Рeri Bacaları мен Ыстамбұлдағы Сұлтан Ахмет мешітінің суретін кәсіби түрлі-түсті Faber-Castell қарындаштарымен графика техникасында салып, ұстазым Ахмет бейге көрсеттім. Ол маған ары қарай Түркияға қатысты суреттер сериясын салуыма идея беріп, келешекте көрме аша алатынымызды айтты. Сөйтіп, мен үшін бұл тамаша шығармашылық үрдіске айналды. Мені Нобель сыйлығының лауреаты, қазіргі заманғы үздік түрік жазушысы Орхан Памуктың «Менің атым – Қызыл» атты романында бейнелеу өнеріне арналған терең таным баурайды. Романда  миниатюраның қас шебері Кемалиддин Бекзат пен парсының ұлы суретшісі Бекзат иллюстрациясын салған Низамидің поэмалары жиі аталған. Жазушы Бекзатты «Шебердің шебері, суретшілердің падишахы» деп атайды. Бұл кітаптан әдебиет пен бейнелеу өнерінің өте жақын, бір-бірін толықтыратын қасиетті өнер екенін әбден ұғуға болады. Келешекте әдеби шығармаларға иллюстрация салуды ойлап жүрмін. Бұл ретте Бекзат, Гюстав Дорэ, Латиф Қазбеков сияқты күшті суретшілердің шығармашылығы мен үшін шамшырақ сияқты. 2018 жылы Германиядан Алматы Гете-Институтының арнайы шақыртуымен келген маман Том Вибберенц өткізген семинарға қатысып, сертификат алып, кәсіби шыңдалу жолында бір адым алға бастым. Келешекте мықты иллюстратор болғым келеді. Сондықтан Түркияда магистратурада оқу үшін өтініш бердім.

-Сұхбатыңызға көп рақмет, 14-наурызда болатын көрмеңіз сәтті өтсін, армандарыңызға жете беріңіз!

 

Оқырмандар назарына: 14 нарыз күні Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Қазақ Ұлттық өнер университетінің 5 курс студенті Назерке Кемелбаеваның жеке  сурет көрмесі өтеді. «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ КӨЗІМЕН ТҮРКИЯ» атты көрме сағат: 15.00-де басталады. Келем деушілерге есік ашық.

Мекен-жай: Астана, Тұран даңғылы 37, Хан Шатыр ОСО, 1 қабат, атриум залы.

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ
10 наурыз 2025
АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Түркияның демократиялық статусын қайта қарауға және оны Еуропаның емес, Таяу Шығыстың елі деп тануға бағытталған арнайы заң жобасын қарауға алды. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Заң Түркияны Еуропа мен Еуразия істері жөніндегі бюросының құзырынан алып тастап, оны Таяу Шығыс істері жөніндегі бюроға ауыстыруды қарастырады.

Fox News хабарлауынша, мұндағы мақсат "АҚШ-тың жауы саналатын елдермен байланыс жасайтын Түркияны тосқауылдап ұстауға талаптану". Вашингтон Анкараны "АҚШ пен НАТО одақтастарынан алыстап бара жатқан мемлекет" деп есептейді.

"Бұл Үкімет ХАМАС содырларын жасырып отыр. Экономикалық одақтастық арқылы Путиннің әскери машинасына қолдау көрсетеді. Сонымен бірге, Батыс одақтасынан артықшылық талап етуін жалғастыра отырып, НАТО-ның бірлігіне кедергі келтіреді. Америкалық дипломатия көзбояушылық жасауын доғарып, Түркияны бұрынғыдай Еуропаның бір бөлігі деп санауын қоюы керек", – деді жобаны Конгресс қарауына енгізген топты басқаратын конгрессмен Брэд Шнайдер.

Бұл ұстанымға Түркия Үкіметі наразылығын білдірді және түріктің сыртқы саясаты мен еуропалық бағдарын Конгресс мүшелерінің дұрыс түсінбей отырғанына нұсқады.

Айта кетсек, Түркия – НАТО-ның АҚШ-тан кейінгі ең қуатты мүшесі. 

Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды
24 қазан 2024
Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды

Кеше кешкісін Түркия Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлауынша,  теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алғаны айтылған.

Шабуылды жасаған екі лаңкес өлтірілді. Лаңкестердің бірі әйел.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.