Ливанның денсаулық сақтау министрлігі Израильдің 23 қыркүйектегі әуе шабуылынан 492 адам қаза тауып, 1600-ден астам адам жараланды деп хабарлады. Бұл ақпаратты Al Jazeera телеарнасы таратты.
Қаза тапқандар арасында 35 бала мен 42 әйел бар.
Бұл – 2023 жылғы қазаннан бері Израиль-Ливан шекарасындағы жағдай шиеленіскеннен кейін ең көп адам шығынына әкелген әуе шабуылы.
Әуе шабуылдарынан кейін Иран Израильге мұның "қауіпті салдары" болады деп ескертті. Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Нассер Канаани Израиль шабуылын қатаң айыптады.