Мегаполисте 8 сәуірінен 8 мамырына дейін өтетін «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында коммуналдық қызметтер мен мердігерлік ұйымдар бағдаршам объектілерін, аялдама павильондарын, жол белгілері мен қаланың көше-жол желісінің басқа да инфрақұрылымын тазалау, жуу мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы Ulys әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.
Осылайша бір ай ішінде Алматы Қалалық мобильділік басқармасы мен аудан әкімдіктері 480 бағдаршам, 1 765 аялдама павильонын ретке келтіріп, 300 мың шаршы метр жолға жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
"Бүгіннен бастап, бір ай бойы біз «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын бастаймыз және өткіземіз. Мақсат - біздің сүйікті қаламыз одан да жақсы және әдемі болуы үшін барлық ниеттес тұрғындарды біріктіру. Бұл тек тазалық пен тәртіпке ғана емес, сонымен бірге өзіміз бірге жасаған құндылықтарға ұқыпты қарауға да қатысты. Үлкен істер кішіден басталады. Ұлы Абай айтқандай, «Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды». Сондықтан игі істерді өзімізден, үйімізден, ауламыздан бастайық. Алматылықтар үнемі өз қаласына ерекше құрметпен қарау арқылы ерекшеленеді. Әрине, мен әркімнің жеке істері бар екенін түсінемін, бірақ қаламыз біреу әрі бәрімізге ортақ. Менің тапсырмам бойынша барлық қалалық коммуналдық қызметтер, аудан әкімдіктері алдағы науқанға белсенді қатысады. Барлық іс-шаралар қала атынан қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген", - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Қала құрылысын бақылау және құрылыс басқармалары объектілерді құрылыс алаңдарының нормаларына сәйкес келтіру, атап айтқанда абаттандыру қағидалары мен санитарлық нормаларды сақтау бөлігінде жұмыс жүргізілмек.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.
Әлеуметтік медиа науқанының белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер:
#АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.