Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік мамандармен бірлесе отырып, «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды, деп хабарлайды Ulys
«2024 жылдың тамызындағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас ауданының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды. Тінту барысында олардан «қара» нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 кг-ға жуық гашиш алынды», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.
