Валюта бағамы
  • USD -

    514.1
  • EUR -

    596.5
  • RUB -

    6.51
ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫМЕН ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АРТАДЫ
01 тамыз 2019
ТҮРКИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫМЕН ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АРТАДЫ

Ыстанбұл қаласында Түркияда тұратын отандастардың қатысуымен

бизнес-форум болып өтті. Шара  «Отандастар қоры» КЕАҚ пен ҚР Түркиядағы Елшілігінің Бизнес-форумы - «Атамекен» ҰКП ССП-ның Түркия Республикасында 31 шілдеден 1 тамызға дейін өткізілетін сауда-экономикалық миссияның шеңберінде өтті.

«Отандастар қоры» баспасөз қызметінің хабарлауынша, бизнес-форум шетелде тұратын отандастармен байланыс орнату және нығайту жөніндегі Қор бағдарламасының бір бөлігі. Іс-шараның негізгі мақсаты – Түркияның қазақ диаспорасы өкілдерімен іскерлік қарым-қатынас орнату.

Қордың бірінші вице-президент Талғат Адуов іс-шара барысында Қор қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ шетелдегі диаспорамен жұмыс істеу жөніндегі қордың негізгі жобаларының бірі - қазақ мәдени іскерлік үйінің құрамына кіретін іскерлік үйлері мен мәдени орталықтардың әлем бойынша желісін құру жөніндегі жоспармен таныстырды.

Ойға сәйкес, орталық кеңсесі Қазақстан астанасында орналасқан Қазақ мәдени-іскерлік үйі шет елдерде ресми өкілі ретінде этникалық қазақтар болатын іскерлік үйлер мен мәдени орталықтар желісін құрады. Олар қазақ мәдениеті мен дәстүрлерінің, ұлттық брендтердің, тілді сақтаудың жолсерігі болады, сондай-ақ қазақстандық экспортты, өнімдерді жылжытуға жәрдем көрсетеді, нақты бизнес-келісім-шарттар жасауға қатысады, серіктестерді, қызықты бизнес идеялар мен инновациялық стартаптарды іздейді. Бұл қағида Израиль, Армения және т.б. сияқты бірқатар алдыңғы қатарлы елдердің мәдениетін ілгерілету мен бизнес байланыстарын дамытуда кеңінен қолданылады, өйткені Қазақстанда бизнесті мемлекеттік қолдаудың сұраныстармен, ұсыныстармен және шараларымен нығайтылған диаспора өкілдерінің білімі мен қажеттіліктерін түсінуі бар дұрыс пайдалану бизнес байланыстарды дамыту үшін платформа болып табылады.

Бизнес-форум барысында қатысушылар өзара іс-қимыл тетіктерін, ШОБ және ірі бизнес саласындағы бизнес-бастамаларды ынталандыру, сондай-ақ стартаптарды қолдау және дамыту тетіктерін егжей-тегжейлі талқылады. Тоқыма өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының, қызмет көрсету саласының дамуына, технологиялық өндірістерді құруға негізделген түрік нарығының бейінін ескере отырып, осы салаларға баса назар аударылды. Форум қатысушыларына Қазақстан облыстарының инвестициялық әлеуеті таныстырылды.

Бизнес-форумға «El Tiregi» қазақстандық шағын және орта бизнес қауымдастығының Басқарма төрағасы Асқар Әбубәкіров, "КАТКА" қазақстан-түрік кәсіпкерлер қауымдастығының Бас хатшысы, «Business & Travel Central Asia» компаниясының атқарушы директоры Дінмұхаммед Зиятбеков қатысты.

Форум жұмысына 150-ден астам адам қатысты. Олар өздерін қызықтыратын стартаптар, бизнес-бастамалар, қолда бар жобалар туралы айтып, спикерлерге сұрақтар қойып, бизнес жоспарлар мен бастамаларды Қазақстанда, сондай-ақ халықаралық нарықта жылжыту мүмкіндіктерін талқылады.

Форум соңында Қордың бірінші вице-президенті Талғат Адуов Түркияда тұратын отандастарды Қордың қазақ үйінің іскерлік үйі мен мәдени орталығы өкілдерін анықтауына белсенді қатысуға, сондай-ақ кездесуге қатысушыларды ағымдағы жылдың қараша айында Түркістан қаласында өтетін отандастардың бірінші форумына шақырды. Бұдан басқа, Қор ұсыныстарға ашық  және тұратын жеріне қарамастан барлық отандастармен "байланыста" тұрғанын, ол үшін барлық өзекті мәселелер бойынша кеңес беретін және ақпараттық қолдау көрсететін отандастар мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арнайы құрылғанын атап өтті.

Түркиядағы бизнес-форум маусым айында Мюнхен қаласында өткен форумнан кейінгі екінші бизнес-форум. Түрлі елдерде тұратын отандастармен барлық осындай кездесулер 8 (ГФР, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Түркия және Ресей) жоспарланған, келесі Бизнес-форум 2019 жылы 27 тамызда Сан-Франциско қаласында (АҚШ) өтеді.

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ
10 наурыз 2025
АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Түркияның демократиялық статусын қайта қарауға және оны Еуропаның емес, Таяу Шығыстың елі деп тануға бағытталған арнайы заң жобасын қарауға алды. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Заң Түркияны Еуропа мен Еуразия істері жөніндегі бюросының құзырынан алып тастап, оны Таяу Шығыс істері жөніндегі бюроға ауыстыруды қарастырады.

Fox News хабарлауынша, мұндағы мақсат "АҚШ-тың жауы саналатын елдермен байланыс жасайтын Түркияны тосқауылдап ұстауға талаптану". Вашингтон Анкараны "АҚШ пен НАТО одақтастарынан алыстап бара жатқан мемлекет" деп есептейді.

"Бұл Үкімет ХАМАС содырларын жасырып отыр. Экономикалық одақтастық арқылы Путиннің әскери машинасына қолдау көрсетеді. Сонымен бірге, Батыс одақтасынан артықшылық талап етуін жалғастыра отырып, НАТО-ның бірлігіне кедергі келтіреді. Америкалық дипломатия көзбояушылық жасауын доғарып, Түркияны бұрынғыдай Еуропаның бір бөлігі деп санауын қоюы керек", – деді жобаны Конгресс қарауына енгізген топты басқаратын конгрессмен Брэд Шнайдер.

Бұл ұстанымға Түркия Үкіметі наразылығын білдірді және түріктің сыртқы саясаты мен еуропалық бағдарын Конгресс мүшелерінің дұрыс түсінбей отырғанына нұсқады.

Айта кетсек, Түркия – НАТО-ның АҚШ-тан кейінгі ең қуатты мүшесі. 

Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды
24 қазан 2024
Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды

Кеше кешкісін Түркия Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлауынша,  теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алғаны айтылған.

Шабуылды жасаған екі лаңкес өлтірілді. Лаңкестердің бірі әйел.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.