«G-Park» құрылыс компаниясының басшысы Ғабит Сәтмағамбетовтың арызына сәйкес, DALA INSIDE бас-редакторы Астана қаласы Департамент полиции тергеуге шақырылды.
DALA INSIDE өз тілшілерінің құқығын қорғау мақсатында «Әділ сөз» халықаралық қоры мен Қазақстан журналист одағына жүгінбек.
Бүгін (26.02.2024) Данияр Әлпиевке алданған бір топ саудагер Алматы облыстық полиция департаментінде шу шығарды, деп хабарлайды “Адырна” сайты.
Қонаев қаласына келген кәсіпкерлер әлеуметтік желіде Данияр Әлпиевті, Эрмек Марқабаевты ақтап алуды көздейтін адвокаттардың әрекеттеріне, көрші мемлекетке нота жолдатқан астыртын ойындарға алаңдаулы екендерін жеткізді.
Қылмыстық әрекетті жұмсарту үшін жасалатын ақпараттық науқан тергеуге қысым көрсетудің бір түрі. Соңғы уақытта бұл үрдіс қалыпты жайтқа айналып, Бишімбаевты да ақтап алу әрекеттері әшкере болуда. Сондықтан, жапа шегуші тарап Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Қасенұлы Шалқаровқа бірнеше сұрақты жүзбе-жүз қойды:
“Саудагерлерді сергелдеңге салған, 2 млрд-қа жуық қаржы жымқырған Данияр Әлпиевтің ұйымдасқан тобына қандай шара қолданылды? Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды ма (№3 павильон құрылысы)? Жәбірленушілер саны қаншаға жетті? Павильон құрылысына қаржы жинауға тікелей қатысы бар Эрмек Марқабаев, кассир Маржан Есжанова, Бекет Әбілов және басқаларға неге шара қолданылмай жатыр?” - деді.
Бүгінгі жиынға Данияр Әлпиевтің туған-туыстары да қатысқан. Бұған дейін Данияр Әлпиевтің басшылығындағы компания үшінші павильонды салу үшін 300-ден астам үлескерден заңсыз қаражат жинаған.
Атап айтқанда, базардың атқарушы директоры болып қызмет атқарған қырғыз азаматы Эрмек Марқабаев, кассада жұмыс істеген Маржан Есжанова және базардың бақылаушысы Бекет Әбілов сынды тұлғалардың қатысуымен болған заңсыз қаржы жинау әрекеті әлі күнге дейін өз шешімін таппаған.
Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы үлескерлердің көкейтесті мәселесі бойынша қылмыстық іс қозғалатынын және үлескерлерді жәбірленуші ретінде танитындығын айтты.
«Westoil Software» компаниясы тағы да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulys.
«Наразылық акциясын тоқтатқысы келмеген 50 адам қызметтен босатылды.Бүгін, 29 ақпанда" Westoil Software " компаниясы жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан үміткерлермен әңгімелесуді бастады. Қызметкерлер заңсыз наразылық акциясына қатысқанына қарамастан, біз оларға жұмысқа қабылдау жүргізілгенге дейін келісім комиссиясы арқылы қайта жұмыс орындарына оралуға мүмкіндік береміз. Пайда болған бос жұмыс орындарына кандидаттарды іріктеу заңсыз наразылық акциясына қатысушылармен еңбек шарттары бұзылған және оларды жұмысқа кезекке тұрған азаматтармен ауыстырған кезде кезең-кезеңімен жүргізілетін болады», - делінген компания хабарламасында.
Бұған дейін хабарлағанымыздай аталған компания бірнеше рет мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірген болатын.
Өткен жылдың 11 желтоқсанынан бастап, Маңғыстау облысындағы West Oil Software қызметкерлерінің ереуілі жалғасуда. Кейін West Oil Software –дың наразы жұмыскерлерін жұмыссыз жүрген жетібайлықтар басуға дайын екені хабарланды.
Фото: tengrinews
Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасы растады. Бас прокуратура 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.
«Биылғы 29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты басқа деректер жарияланбайды»,-делінген хабарламада.
