Валюта бағамы
  • USD -

    513.7
  • EUR -

    596.5
  • RUB -

    6.51
Шешен журналист қазақ халқына алғыс айтты
02 наурыз 2024
Шешен журналист қазақ халқына алғыс айтты

Шешен журналист Саид Бицоев Қазақстан халқын көктемнің алғашқы күніндегі алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна"  порталы. 

Саид Бицоев қазақстандықтарға ізгі тілегін арнады:

"Сіздерді көктемнің осы тамаша мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Біз 1944 жылы Қазақстан паналаған репрессияға ұшыраған ингуш шешендердің тікелей ұрпағымыз. Біз бірнеше саяси қасіретті кезеңді бірге өткерген елдерміз.  Сталиндік террордың ауыр зардаптарынан әлі айыға қоймаған қазақстандықтар Кавказ халқына көмек қолын созды. Қазақстандағы «сталиндік террор» құрбандарының жалпы саны бірнеше миллионнан асады. Бірақ дана қазақ шешен, ингуш және басқа жер аударылған халықтардың өздері сияқты құрбан болғанын түсінді. Сондықтан мүмкіндігінше көмектесіп, қолдау көрсетуге тырысты, бұл ондаған мың адамды ажалдан аман алып қалды" деп жазды журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтардың жанашырлығын ешқашан ұмытпайтынын айтты:

"Ғасырлар өтсе де, қазақтың ерлігі, батылдығы мен тектілігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жүрегімізде сақталады. Біз қазірден бастап бірге болуға лайықпыз! Бауырлас халық болуға дайынбыз! Рақмет, қазақ елі!" деді ол.

RELATED NEWS
Мәжіліс депутаты Қазақстанға шетел агенттері туралы заң керек деді
12 ақпан 2025
Мәжіліс депутаты Қазақстанға шетел агенттері туралы заң керек деді

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Қазақстанға шетел агенттеріне қатысты заңқажет деп, Үкімет басшысының атына сауал жолдады, деп хабарлайды Ulys.

 Өткен пленарлық отырыста біз еліміздегі USAID қызметіне қатысты депутаттық сауал жолдадық. USAID тарихындағы сияқты, америкалықтардың өздері қаржыландыратын мемлекеттік БАҚ-тың деструктивтілігін тағы да мойындайды. Оларды өздері соғыстан кейінгі шындықта идеологиялық күрес үшін құрылған өткеннің қалдығы деп атайды, - деді Ирина Смирнова Мәжілістің жалпы отырысында. 

Халық қалаулысының мәліметінше, қазір елімізде 200-ге жуық үкіметтік емес ұйымды шетел қаржыландырады. Оның 70%-на АҚШ қаржы құяды. 

— Біздің үкіметтік емес ұйымдарға қаржылық және материалдық-техникалық көмекті көрсетілген тізімдерге кірмейтін басқа да шетелдік құрылымдар мен елшіліктер ұсынады. Қолдау негізінен БАҚ пен сөз бостандығы, мақсатты топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, демократия мен азаматтық қоғамды дамыту, либералды реформалар, толеранттылық пен азаматтық белсенділікті арттыру саласындағы жобаларға беріледі, - дейді ол.

 

 

«Бейбітшілік – біздің басты байлығымыз»
22 сәуір 2025
«Бейбітшілік – біздің басты байлығымыз»

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Алматы қаласындағы «Өзбек ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдулла Исматуллаевпен шағын сұхбат

Абдулла Жапарұлы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтаймыз! Осы дата сіз үшін нені білдіреді?

– Рақмет! Мен үшін бұл мереке – Қазақстандағы тұрақтылықтың, бейбітшіліктің және бірліктің нышаны. Ассамблея – жай ғана институт емес, ол – халықтың жүрегіндегі сенім, татулыққа деген ұмтылыстың символы. Бұл 30 жыл – түрлі этностар мен ұлттардың өзара құрметпен өмір сүріп келе жатқанын дәлелдейтін жылдар.

– Сіз жетекшілік ететін өзбек ұлттық-мәдени орталығы Ассамблеямен қалай жұмыс істеп келеді?

– Алматы қаласындағы орталығымыз Ассамблея құрылған күннен бастап тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Біз мәдени шаралар, тіл үйрету курстары, ұлттық мерекелер өткізу арқылы қазақ халқымен бірлікте өмір сүріп жатқанымызды көрсетіп келеміз. Ассамблея бізге өз болмысымызды сақтай отырып, Қазақстан қоғамына пайдалы болуға мүмкіндік беріп отыр.

– Қазіргі жастар арасында этносаралық келісімді сақтау үшін не маңызды деп есептейсіз?

– Біріншіден – білім, екіншіден – ашық диалог. Жастар өз тарихын, тілін білуімен қатар, Қазақстанды ортақ үйі ретінде қабылдауы керек. Біз оларға сенуіміз керек, әрі оларды ынталандыруымыз қажет. Ассамблея – дәл осындай ашық алаң. Мұнда ұлтқа бөлінбей, идея мен жауапкершілікке негізделген ынтымақтастық қалыптасқан.

– 30 жылда жеткен басты жетістік қандай деп ойлайсыз?

– Ең басты жетістік – халықтың арасында сенім орнады. Біз қазір әртүрлі ұлт өкілдерімен бір дастарқанда отырып, қуаныш пен қайғыны бірге бөлісе алатын деңгейге жеттік. Бұл – нағыз рухани жетістік. Бейбіт өмірдің қадірін білу – бізге аманат.

– Оқырмандарға қандай тілегіңіз бар?

– Бірлігіміз бекем болсын. Қазақстан – бәрімізге ортақ үй. Осы үйде әркім өз тілін, дәстүрін сақтай отырып, бір мақсатқа қызмет етуі керек. Ассамблея соған жол ашып беріп отыр. Сол мүмкіндікті бағалай білейік!

 

Астанада еуропалық адвокаттардың құқықтық мәртебесі талқыланды
25 қыркүйек 2024
Астанада еуропалық адвокаттардың құқықтық мәртебесі талқыланды

Астана қаласында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Құқықтық диалогтар» жобасы аясында «Еуропалық Одақ елдеріндегі адвокаттардың құқықтық мәртебесі» тақырыбында вебинар өтті.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» Ұлттық еріктілер қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырды.

 Вебинардың модераторы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов болды.

 Вебинардың негізгі баяндамашысы Еуропа Кеңесі адам құқықтары жөніндегі директоратының ынтымақтастық бағдарламалары басқармасының бөлім басшысы Сергей Дикман болды, ол Еуропалық Одақ елдеріндегі адвокаттардың құқықтық мәртебесі туралы айтып берді.

 Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев, Басқарма мүшесі - операциялық қызмет жөніндегі проректор Сапархан Омаров, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Сорбонна-Қазақстан Институтының директоры Айнұр Сәбитова, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Әлия Ехласова, сонымен қатар қашықтан байланыста болғандар ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері мен Сараптамалық кеңесі, адвокаттар, Әділет министрлігі орталық аппаратының және аумақтық бөлімшелердің тиісті қызметкерлері, «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» еріктілері қатысты.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы қарсаңында өткізілді, онда Қазақстанда адвокатура институтын дамыту мәселесін қарау жоспарлануда. 

 Вебинар практик-заңгерлердің, адвокаттардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің үлкен кәсіби қызығушылығын тудырды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.