Қазақстанда резонанс тудырған іс бойынша кәмелет жасына толмаған балалардың ата-аналарына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulys.
Polisia.kz жазғандай, Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке салған, оны қорқытқан балалардың ата-аналары да іске тартылған.
«Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының орындамауына байланысты күдіктілердің ата-аналарына қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмейді», - деп жазады дереккөз.
Айта кетсек, Қызылорда облысында жас қызды сыныптастары жарты жыл құлдықта ұстап, жезөкшелікке салғаны қазір елде резонанс тудырған жағдайға айналды. Бұл туралы алғашқы ақпаратты НеМолчи қоры жазған.
