Валюта бағамы
  • USD -

    520.5
  • EUR -

    610.5
  • RUB -

    6.57
ҚР Үкіметі аймақтардың дербестігін арттыруға бағытталған шараларды қолға алды.
Фото: Үкімет 22 тамыз 2024
ҚР Үкіметі аймақтардың дербестігін арттыруға бағытталған шараларды қолға алды.

ҚР Үкіметі аймақтардың дербестігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды шараларды қолға алды. Бұл процесс жергілікті билік органдарына бюджетті жоспарлау, инфрақұрылымдық жобаларды басқару және әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруда үлкен өкілеттіктерді беруді көздейді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Өңірлік органдардың өкілеттіктерін кеңейту халықтың өтініштері мен қажеттіліктеріне тез және тиімді жауап беруге мүмкіндік береді. Жергілікті билік ресурстарды икемді басқарып, өз облыстарының стратегиялық дамуына, атап айтқанда, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту және жергілікті білім мен денсаулық сақтау деңгейін көтеруге қатысты шешімдер қабылдай алады.

Өңірлерді дамыту тұжырымдамасы бойынша: 

Қолданыстағы жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2023 жылы келесі көрсеткіштер жүзеге асырылды:

  • Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу және облыстардағы аудан әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу;

Сайлау әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына қарай кезең-кезеңімен өткізіледі. 2021 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың наурызы аралығында ауылдық округтерде 2 069 әкім сайланды. Пилоттық режимде 42 аудан мен 3 облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау өтті.

  • Бюджеттің IV деңгей кірістері базасын кеңейту.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ауылдық округтердің дербестігі үшін бюджеттің IV деңгейіне салықтар мен төлемдердің 25 түрі, оның ішінде 8 салық (төлем көзінен салық салынбайтын ЖТС, жеке және заңды тұлғалардан мүлікке, жерге, көлікке салынатын салық, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы, БЖС, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы) және 17 салықтық емес төлемдер берілді.

Оның ішінде, 2022 жылы бюджеттің төртінші деңгейіне 4 төлем бойынша түсімдер (БЖС, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер және жер учаскелерін сатқаны үшін төлем) берілді, 2022-2023 жж. қорытындысы бойынша олардың түсімдері 15,9 млрд теңгені құрады.

Қазіргі уақытта заңнамалық базаны өзгерту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде келесі толықтыруларды енгізу көзделеді:

  • ауыл әкімі мен аппаратының өкілеттіктерін кеңейту (көше саудасын қадағалау; қоғамдық орындардың сыртқы безендірілуі бойынша жұмысты ұйымдастыру; ойын алаңдарына арналған жабдықтар жұмысын қадағалау; ақылы негізде қызмет көрсету және т.б.);

  • салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін бюджеттің IV деңгейіне ауыстыру (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге мүлік салығы; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін алым, су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер); 

  • мәслихат өкiлеттiгiн кеңейту (әкiмдердiң халықпен кездесулерiнде көтерiлген мәселелердiң шешiмiн әкiмдiктердiң қадағалауы; депутаттардың әкiмдiк бюджет комиссияларының жұмысына қатысуы; қажет болған жағдайда бюджеттi нақтылауға бастамашылық ету);

  • мәслихат төрағасының өкілеттіктерін шектеу (мәслихат сессиялары, депутаттық сауалдарды бақылау, тұрақты комиссиялардың қызметін үйлестіру және т.б.) және мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін шектеу (кадр мәселелері, дисциплинарлық және конкурстық комиссиялар және т.б.); 

  • ауыл әкімінің еңбекақы төлеудің кесімді жүйесі бойынша еңбек келісімшартымен тұрғындарды жұмысқа алу мүмкіндігі (механизатор, дәнекерлеуші, сантехник, электрик, заңгер, есепші және т.б.) 

Орталықсыздандыру бойынша:

Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында Үкіметтің 21 функциясы тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға және ақпараттандыру, жеке деректерді қорғау, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба және байланыс салаларындағы 12 функция өңірлер әкімдіктеріне қайта бөлінді.

Мемлекет басшысының Жолдауын орындау мақсатында Үкіметтің 21 функциясы тиісті салалық орталық мемлекеттік органдарға және ақпараттандыру, дербес деректерді қорғау, Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба және байланыс салаларындағы 12 функция өңірлердің әкімдіктеріне қайта бөлінді.

Сондай-ақ бүгінде Парламент Мәжілісінде аймақтар әкімдіктеріне 38-ге жуық функцияны және аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға 18 функцияны беру арқылы мемлекеттік басқаруды әрі қарай орталықсыздандыруға бағытталған бірқатар түзетулер қарастырылуда.  

Жалпы бұл шаралар мемлекеттік органдардағы бірінші басшылардың тиісті саясатты қалыптастыруына және барлық деңгейдегі әкімдердің оны жүзеге асыруға жауапкершіліктерін арттырады, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. 

Бюджеттік дербестік бойынша:

Жаңа Бюджет кодексінің жобасында кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге аудару көзделген.

Қосымша, республикалық деңгейден жергілікті деңгейге төлемдер, алымдар, баждар, айыппұлдар және басқа да төлемдерді беру пысықталуда.

Сонымен қатар өңірлердегі өмір сүру сапасындағы дисбалансты төмендету бойынша өңірлік саясаттың басым міндетін бюджеттік жоспарлауда пайдаланудың минималды стандарттарын енгізу арқылы орындау жоспарланған.

Осы мақсатта жаңа Бюджет кодексі шеңберінде минималды стандарттар түсінігі енгізілуде, атап айтқанда, әлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және және басқа да инфрақұрылымның минималды стандарттарын (желілерін) ескере отырып, бюджет шығыстарды жоспарлаудың заңнамалық негізі қаланған.

Аталған қағидалар Құрылыс кодексінің жобасына да енгізілген.

Осы ретте алдағы уақытта республикалық деңгейде тек республикалық маңызы бар жобаларды ғана қаржыландыру жоспарлануда, ал барлық базалық инфрақұрылым ЖБ есебінен қаржыландырылатын болады.

RELATED NEWS
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ
09 сәуір 2025
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай қызметтер мен тауарлар қосылған құн салығынан босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulys.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

«Әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектің әлеуметтік тізімін айқындайды. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады. Ал банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың қымбаттауына жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп қазіргі бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді», - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі.

Жұманғарин ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бәрі өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Яғни, 70% жеңілдік қалады. Ал өңдеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.

ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді
06 ақпан 2025
ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді

Бүгін Сенат қабырғасында вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығын көбейту туралы ұсынысты Мәжіліске 20 ақпанға дейін енгізетінін айтты, деп хабарлайды Ulys

Жобаны 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізуіміз керек. Қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді, - деп мәлім етті ол.

Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады 
11 наурыз 2025
Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады 

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республиканың ғылыми әлеуеті туралы баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бүгінгі таңда еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалымды құрайтынын, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар екенін атап өтті. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.

«Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі, бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі уақытта 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2,3 мыңнан аса ғылыми жоба және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1,4 мыңнан астам ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті»,

 — деді Саясат Нұрбек.

Министр жас ғалымдарға арналған гранттар конкурстарының арқасында 2 мыңнан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты. 

 

 

 

 

Министр добавил, что благодаря конкурсам грантов для молодых ученых более 2 тыс. исследователей получили возможность реализовать 835 проектов.  

 

📱 @KZgovernment

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.