Валюта бағамы
  • USD -

    511.3
  • EUR -

    595.5
  • RUB -

    6.59
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алуы мүмкін
11 қаңтар 2024
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алуы мүмкін

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері онлайн-форматта келіссөздер жүргізіп, олардың барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның «Employment permit System» жүйесіне енгізу мәселесін талқылады. Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай ақпаратты ҚР Еңбек министрлігі хабарлады.

Кездесуге Еңбекмині Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Еңбекмині Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансеитова және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің Шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысты.

Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларға EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылай отырып, тараптар жемісті және сындарлы өзара іс-қимылға, сондай-ақ еңбек көші-қоны шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

RELATED NEWS
БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ СОТТАЛДЫ
25 қаңтар 2019
БҰРЫНҒЫ ПРЕЗИДЕНТ СОТТАЛДЫ

«Ukrinform» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Киев соты Януковичке "мемлекетке опасыздық жасау, басқыншылық соғысқа көмектесті" деген баптар бойынша айып тағып, 13 жылға соттады. Негізгі дәлелдерінің бірі Януковичтің Ресей президенті Владимир Путинге Украинаға әскер кіргізуді сұрап жазған хаты болды. Сырттай үкім кесілген президент 2014 жылдан бері Ресейде бас сауғалап жүр. Ресейдің Бас прокуратурасы оны қайтару туралы Украинаның сұрауынан бас тартқан болатын.

 

сурет: ukrinform.ru

https://www.ukrinform.ru/rubric-polytics/2626411-anukovic-put-k-izmene-i-kak-s-etim-pokoncit.html

Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алды
03 сәуір 2024
Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алды

Тайваньда 7,2 балдық жер сілкінісі болып, 100-ден аса адам жарақат алып, 10-нан аса тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды  Еuronews.

Тайваньның шығыс жағалауында болған 7,2 магнитудалы жер сілкінісінен кем дегенде тоғыз адам қаза тапқаны хабарланды. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында, жүздеген адам түрлі дәрежеде жарақат алды.

Зілзала Тайваньның шығыс жағалауында жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат сегіз шамасында тіркелді. Ол бүкіл аралда сезілді. Тайваньның шығысындағы Хуалянь қаласында бірнеше ғимарат қирап, іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.

20 миллионнан астам адам тұратын аралда теміржол қатынасы тоқтатылды.

 Меккеде қажылық  кезінде аптап ыстықтан 500-ден аса адам көз жұмды
19 маусым 2024
Меккеде қажылық кезінде аптап ыстықтан 500-ден аса адам көз жұмды

Сауд Арабиясындағы Меккеге қажылық сапары кезінде аптап ыстықтан жүзден аса адам көз жұмды, деп хабарлады DW .  

Көз жұмғандардың нақты саны белгісіз, бірақ AFP агенттігінің хабарлауынша, тек қажылық кезінде кем дегенде 550 адам мерт болған.

Оның ішінде 323-і Мысырдан келген. 

Tunis Afrique Presse ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құрбандар арасында Тунистің 35 азаматы бар. 

Иорданияның Сыртқы істер министрлігі қажылыққа Иорданиядан барғандарды жерлеуге 41 рұқсат берілгенін хабарлады.

Иранның ИРНА ақпарат агенттігі 11 ирандықтың қаза тапқанын, тағы 24-і ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. 

Сондай-ақ үш Сенегал азаматы мен 144 Индонезия азаматының қайтыс болғаны айтылды. 

Бұл адамдардың көпшілігі қатты аптап ыстықтан қайтыс болды, деп хабарлады туыстары әлеуметтік желіде.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.