Валюта бағамы
  • USD -

    511.3
  • EUR -

    595.5
  • RUB -

    6.59
Қазақстандық сыртқы сауда айналымының 40% жуығы Еуроодаққа тиесілі
17 қаңтар 2024
Қазақстандық сыртқы сауда айналымының 40% жуығы Еуроодаққа тиесілі

Қазақстанды Еуропа елдерімен байланыстыратын өзіра тиімді қарым-қатынастар, маңызды бағыттар көп. Тоғыз жолдың торабындағы Қазақстан алып Қытай мен кәрі құрлық Еуропаны жалғайтын көпір. Орталық Азия оның ішінде Қазақстан Еуропа Одағының саяси және экономикалық тұрғыдан маңызды әріптес болып келеді.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен келді. Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.  Бұл да Еуроодақпен маңызды серіктестіктің айқын дәлелі.

Осы ретте біз Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ең маңызды деген бағыттарды  айта кеткенді жөн санаймыз.

1. Қазақстандық сыртқы сауда айналымының 40% жуығы Еуроодаққа тиесілі

 2. ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялар ағыны 7,8 млрд долларды құрады

 3. Еуропарламент Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың одан әрі іске асырылуын құптайды

 4. "Әділ Қазақстан" тұжырымдамасы адам құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз етеді ― Еуропарламент депутаттары

 5. Еуропалық Парламент депутаттары ЕО елдерін Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты жандандыруға шақырды

 6. Еуропарламент: Орталық Азия Шығыс пен Батысты байланыстыратын негізгі аймақ

 7. Еуропарламент Қазақстан билігін басталған саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруды жалғастыруға шақырады

 8. Визалық режимді оңайлату: ҚР-мен тұлғааралық алмасуды кеңейтудің әлеуетті пайдасын Еуропарламентте атап өтті

 9. ЕО Орталық Азия елдерімен бірлесіп жұмыс істеуге бейімділігін растайды

RELATED NEWS
Еуропадағы су тасқыны: Француздар жарықсыз қалды
21 қазан 2024
Еуропадағы су тасқыны: Француздар жарықсыз қалды

Италияның барлық аймағында су тасқынына байланысты ескерту жарияланды, ал Францияның халқы жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды Euronews.

Италиядағы толассыз жауын елде лай тасқындарын тудырды. Ең қатты зардап шеккен аймақ — Эмилия-Романья. Болоньяда табиғат апат салдарынан бір бала қайтыс болды, оны тасқын су автокөлікпен бірге ағызып әкеткен.

Ал Францияның орталық бөлігіндегі су тасқындары үлкен шығын әкеліп, электр энергиясын өшірді. Франция билігінің хабарлауынша кейбір аймақтарында 48 сағат ішінде 700 мм жауын-шашын жауған, бұл Париждегі жылдық нормадан да көп.

Францияның Ішкі істер министрлігі Париждің зардап шеккен аймақтарға қосымша 1500 құтқарушы жібергенін хабарлады.

Орталық Еуропа су астында қалды
17 қыркүйек 2024
Орталық Еуропа су астында қалды

Орталық Еуропа елдерінде қатты дауыл, нөсер жаңбыр салдарынан Чехия, Польша Австрияның аумағын су басып, Румынияның ауылдары тұтастай суға кеткен, деп хабарлайды BBC.

Қазірге дейін 16 адамның денесі табылған.

 Польша ЕО-дан көмек сұрамақ. Туск үкіметі төтенше жағдай жариялады.

Елде мыңдаған адамдар эвакуацияланды. Көптеген жолдарды су басып, поездар жүрісін тоқттатты.

Дунай өзені тасып, Словакияның көне қаласы Братислава суға кетті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, судың биіктігі 9 метрге жеткен, алда бұдан да ары көтеріледі дейді.

Дунайдың төменгі ағысында орналасқан Венгрия алдағы күндері болатын су тасқынына дайындалып жатыр. Дунайдың жағасындағы 500 шақырымдай аумақты су басу қаупі бар. Өзен тәулік сайын бір метрге биіктеуде.

Будапешт мэриясы миллион қапшыққа құм толтырып су тасқынынан қорғау шараларын жасады. Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан бүкіл шетелдік сапарларын кейінге шегерді. Чехияның Есеник қаласына өткен бейсенбіден бері орташа айлық нормадан 5 есе көп жауын-шашын жауды. Австрияның Санкт-Пёльтен  қаласына 4 күнде 1950 жылдың күзінен бері жаумаған көп жаңбыр жауды. Румынияның шығысындағы ауылдар тұтастай суға кетті.

 

Германия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі - Президент
16 қыркүйек 2024
Германия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі - Президент

Мемлекет басшысы Германия Федералдық канцлері Олаф Шольцпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.

Президент Канцлердің елімізге жасаған алғашқы ресми сапарының мәні зор екенін атап өтіп, бүгінгі кездесу Қазақстан мен Германияның көпқырлы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді.

– Біз жаңа ғана шағын құрамда екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту мәселесін талқыладық. Сауда-экономика, инвестиция салаларындағы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, өзекті халықаралық мәселелер туралы сөз қозғадық. Атап айтқанда, қазіргі геосаяси ахуалға, жаһандық қауіпсіздікке және аймақтық дамуға, климаттың өзгеруіне қатысты пікір алмастық. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастық мәселесін қарастырдық. Екіжақты қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік рухында дамып келеді. Бүгінгі келіссөздер оның аясын кеңейте түсуге ықпал ететініне сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Германия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі және экономикамызға инвестиция салған жетекші елдердің санатына кіреді.

– Былтыр екіжақты тауар айналымы 1,5 еседей өсіп, 4 миллиард долларға жуықтады. Биыл да оң динамика байқалып отыр. Соңғы жеті айда өзара сауда-саттық көлемі 2,3 миллиард доллардан асты. 2005 жылдан бері Германиядан шамамен 6,7 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылды. Бұл қаржының 90 пайызы шикізаттық емес секторға тиесілі екені қуантады. Бүгінде Қазақстанда неміс капиталының үлесі бар мыңнан астам компания жұмыс істейді,– деді Президент.

Өз кезегінде Германияның Федералдық канцлері қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екіжақты байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

– Сіздің еліңізге тікелей инвестиция салу және сауда айналымының көлемін арттыру үшін экономикалық байланыстарымызды жақсартуға барлық жағдайды жасаймыз. Әрине, экономикалық ынтымақтастықты барлық салада дамытқымыз келеді. Энергетика саласындағы серіктестігіміз дәйекті түрде алға жылжып келе жатқанына дән ризамыз. Екі ел арасында сенімді әрі жүйелі ынтымақтастық орнаған. Бұл – бүкіл әлемге жақсы үлгі. Сондай-ақ біздің алдымызда тұрған халықаралық сын-қатерлер төңірегінде жан-жақты пікір алмасқанымызға қуаныштымыз, – деді Олаф Шольц.

Тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, әсіресе, энергетика, «жасыл» трансформация, тау-кен өнеркәсібі, көлік-логистика, климатты қорғау, экология және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты күшейтуге мүдделі екенін растады. Сондай-ақ қазақ-герман мәдени-гуманитарлық байланыстарын нығайту перспективасы қарастырылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Федералдық канцлер Олаф Шольц Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы Бірлескен декларация қабылдады.

Сонымен қатар ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Дойче Бундесбанк арасындағы Орталық банктер ынтымақтастығының техникалық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанынан Қазақстан-Неміс ғылым және технологиялар институтын құру жөніндегі ниет туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры және Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Сыртқы істер министрлігі арасындағы қазақ-неміс мектебін құру ниеті туралы меморандум.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.