Валюта бағамы
  • USD -

    511.9
  • EUR -

    596
  • RUB -

    6.51
15 ШІЛДЕ ТҮРКИЯДА ДЕМОКРАТИЯ МЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІК КҮНІ
16 шілде 2019
15 ШІЛДЕ ТҮРКИЯДА ДЕМОКРАТИЯ МЕН ҰЛТТЫҚ БІРЛІК КҮНІ

Бүгін Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде бауырлас елдің елшісі Невзат Уянык бұқаралық ақпарат құралдарына 2016 жылғы 15 шілдеде Түркияда ұйымдастырылған төңкеріс әрекетінің 3 жыл толуына орай арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Одан соң елордада тіркелген дипломатиялық миссия жетекшілері, іскерлер мен медиа өкілдерінің қатысуымен де арнайы шара өтіп, елші ФЕТӨ лаңкестік ұйымының қауіпі туралы баяндап берді.

Одан соң «желі» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды. FETÖ (Фетуллах Гүленнің лаңкестік ұйымы)-ның шын бейнесін сипаттайтын аталған деректі фильмді белгілі британдық журналист Эндрю Уилсон «TRT  World» телекомпаниясы үшін түсірген екен. Ізін ала шараға қатысушылар 15 шілде оқиғасынан сыр шертетін фотокөрмені тамашалады. Жалпы, «Желі» деректі фильмні 11 шілдеден бастап тегін көрсетіліп жатқанын айта кету керек.   Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныктың баспасөз өкілдері алдында сөйлеген сөздерін сол қалпы беруді жөн көрдік.   

 

 

Бүгін 2016 жылғы 15 шілдеде Түркияда сатқындар ұйымдастырған төңкеріс әрекетін тоқтату жолында жандарын пида еткен шәйіттерімізді еске алып,  жараланғандарға шипа тілеп, қаһарман халқымыздың сол түндегі күресін тағы да бір рет еске алу мақсатында жиналып отырмыз.

 

Фетуллах лаңкестік ұйымы (ФЕТӨ) жоспарлап, ұйымның армияға кіріп алған мүшелері тарапынан Қарулы Күштердің бұйрығына бағынбай ұйымдастырылған 15 шілде әрекеті - тарихымызда біз бастан өткерген ең қанды лаңкестік шабуылдардың бірі.

 

«Білім қозғалысының» артына жасырынып өздері ашқан оқуларда жастардың санасын улап, мемлекеттің барлық мекемелеріне кіріп алған ФЕТӨ күш қолдана отырып, заңға қайшы тәсілдермен 2016 жылғы 15 шілдеде заңды үкіметті құлатып, еліміздегі демократиялық режимді жоюды көздеді.

 

2016 жылғы 15 шілдеде Мәжілісіміз, Президенттік әкімшілік ғимараты, Ұлттық Барлау қызметі ғимараты, Гөлбашындағы Полицияның арнайы операциялар орталығы, ішкі істер бөлімшелереміздің ғимараттары бомбаланды. Қарапайым халықты танкілер басып, жоғарыдан бомбалар тасталып, тікұшақтар оқ боратты. Гөлбашындағы Арнайы операциялар орталығын әскери ұшақтар бомбалады, нәтижесінде  шәйіт болған 51 полиция қызметкерлерінің тіпті мүрделері де табылмады. Сол түні 251 азаматымыз қаза тауып, 2195 кісі жараланды.

 

Соңғы 3 жылда мемлекетіміздің елдегі және шетелдегі негізгі басымдықтарының бірі ФЕТӨ-мен күрес болды. Елдегі ерекше қауіпсіздік шараларына қарамастан, ФЕТӨ-мен ел ішіндегі күресіміз заңның үстемдігі, негізгі құқықтар мен азаматтық еркіндіктердің сақталу принциптеріне сүйене отырып жүргізілді. Қиянатқа жол бермеуге күш салынды, қиянат жасалғаны туралы шағымдарды тексеру және мәселені шешу мақсатында жаңа механизмдер құрылды.

 

Шетелдердегі ФЕТӨ құрылымдарымен күрес Сыртқы Істер Министрлігіміздің күн тәртібінің ең маңызды басымдылықтарының бірі болды. Осы мақсатта жүргізген жұмысымыздың негізгі бағыттарын төмендегідей түйіндеуге болады:

 

а) Жұмысымыздың негізгі өзегі - ФЕТӨ-нің қызмет атқаратын басқа елдерге де шын мәнінде  қауіп төндіруі мүмкін екендігін анықтау. Осы орайда 1990 жылдардан бастап ФЕТӨ тарай бастаған басқа елдерде де Түркиядағыдай құрылыммен өздеріне саяси және экономикалық ықпал ету алаңдарын орнатуды көздегені, осыған сәйкес өздері тұрып жатқан елдің заңдарын белінен басудан тайынбағандары, құдды бір барлау ұйымы сияқты қызмет атқарғандары дәлелдермен баса көрсетілді.

ә) Сонымен қоса, ФЕТӨ лаңкестік ұйымының шетелдегі әрекет алаңдарын шектеу, ұйым мүшелерінің заңнан жалтаруы мен ақша трансферлерінің алдын алу мақсатында әкімшілік шаралар мен құқықтың процестер де іске қосылды. ФЕТӨ-нің шетелдегі құрылымдарының басшыларына қатысты Түркияда басталған тергеу жұмыстары аясында оларды тұрып жатқан елдерден қайтарып алу туралы талап хаттарымыз жолданды.

б) Әсіресе білім саласында ФЕТӨ-ге қарсы жасалған қадамдардың басқаларға қиянат келтірмеуі мақсатымен Түркия Маариф қоры әлемнің түкпір -түкпірінде ерекше жұмыс істеп жатыр.  Қазіргі күні жалпы саны 22 елде ФЕТӨ-мен байланысы бар мектептер жабылды. Түркия Маариф қоры 19 елде ФЕТӨ-мен байланысы бар мектептерді өз қорына аударып алып білім бере бастады. 15 елде жаңа 70 мектеп ашты. Қор атына  аударылып алынған жаңа мектептерде шамамен 30 мың оқушы білім алып жатыр.

 

Көптеген елдер мен халықаралық ұйымдар ФЕТӨ-ні лаңкестік ұйым деп жариялады. Осы бағытта Қазақстан да мүшесі болып табылатын Ислам Ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) 2016 жылғы 19 қазанда өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 43-ші отырысында ФЕТӨ лаңкестік ұйым деп танылды; 2017 жылы 27 қаңтарда ИЫҰ Парламентерлер одағының 12 конференциясында да бұл шешім расталды. Қазақстан да мүшесі болып табылатын Азия Парламентерлер Ассамблеясы тарапынан 2016 жылғы 1 желтоқсанда осыған ұқсас шешім қабылданды; Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен қоса Пакистан Жоғарғы соты да 2018 жылғы 28 желтоқсанда шешім қабылдап, ФЕТӨ-ні лаңкестік ұйым деп таныды.

 

Осы орайда, Батыстың, әсіресе Ұлыбританияның 15 шілде әрекетін ФЕТӨ жоспарлаушы деген мәлімдемелері өте маңызды. 2017 жылғы шілде айында түрік БАҚ-тарына сұқбат берген сол кезеңдегі Ұлыбританияның Түркиядағы елшісі Ричард Мур 15 шілдедегі төңкеріс әрекетінің артында ФЕТӨ-нің тұрғандығы туралы жақсы білетіндерін айтты. Сондай-ақ, Англия Парламенті 2017 жылғы наурызда жариялаған рапортта Ұлыбритания Біріккен Корольдігі Сыртқы істер министрлігінде Еуропа істері жөніндегі министр Алан Дункан «15 шілдені ФЕТӨ ұйымдастырды ма?» деген сұраққа «айтарлықтай дәрежеде «иә» деп жауап беруге болады» (I think the answer has to be, in large part, in terms of significant involvement, yes.) деп жауап берді. Дункан сондай-ақ ФЕТӨ-нің мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге еніп алуына қатысты пікірін «Бір топ адам мемлекет ішінде мемлекет құрып, яғни үй ішінен үй тігіп, оны құлату үшін үкіметке ашық және жүйелі түрде кіріп алған»  (clear and systematic infiltration of the entire apparatus of government by a group of people who, as a state with in the state, try to overturn the state) деп баяндады.

 

Күні кешеге дейін бұл шындықты мойындамай, Түркия мен әлемнің түрлі аймақтарынан қашқан ФЕТӨ мүшелеріне есіктерін ашқан кейбір елдердің өзінің  де бұл қауіп-қатердің байыбына тереңдеп бара бастағаны байқалады. Мысалы, «Der Spiegel» журналының 2018 жылғы маусым айындағы санында жарияланған бір мақалада ФЕТӨ жақтастарының ондаған жылдар бойы мемлекеттік үйымдарға, әсіресе ішкі істер органдары мен сот органдарына еніп алғандары туралы тақырыпта ойларының бір жерден шығатыны жазылған, ұйымның ішінде қатал сақталатаын иерархия құрылымы бар екені көрсетілген. Сондай-ақ, Германия Федеративтік Республикасының (ГФР) Сыртқы істер министрлігі «Анадолы» ақпарат агенттігінің тақырыпқа қатысты сұрағына «қолымыздағы бар мағлұматқа сүйенсек, Гүлен әрекетінің мүшелері Түркиядағы төңкеріс әрекетіне қатыспады деп айта алмаймыз» деп жауап берді.

 

ФЕТӨ-нің АҚШ-тағы құрылымын да FBI-дің қалт еткізбей бақылауға алғанын айта кету керек.

 

Үшінші елдерде ФЕТӨ-ге қарсы пайда болған түсінік аясында ұйым мүшелері депортацияланды. Үшінші елдерге депортацияланғандармен қоса 20-дан астам елден 110-нан астам ФЕТӨ мүшесінің Түркияға ұстап берілуі қамтамасыз етілді.

 

Сатқындар ұйымдастырған төңкеріс әрекетінен кейін мемлекет басшысы деңгейінде елімізге алғаш сапарлай келген тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырза болатын. Халқымыз тұңғыш Президент, аса мәртебелі Елбасы Назарбаев мырзаның көшбасшылығындағы дос және бауырлас Қазақстанның осы қолдауын ешқашан ұмытпайды!

 

ФЕТӨ-мен күрестің күшейтілуі туралы Қазақстанның тиісті мекемелерімен байланыстарымыз жалғасуда. Қазақстанның тиісті мекемелері ФЕТӨ-мен қатаң түрде күрес жүргізеді деген үміттеміз. Осы орайда, Түркия Қазақстанның тиісті мекемелеріне әртүрлі қолдау көрсетуге дайын.

 

Біз шетелдегі ФЕТӨ-нің ұйымдарына қарсы күш-жігерімізді салып ұзақ мерзімді күрес атқаратын боламыз. Мемлекетіміз осы бағыттағы жұмыстарын табанды түрде жалғастыра береді.

 

 

  

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ
10 наурыз 2025
АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Түркияның демократиялық статусын қайта қарауға және оны Еуропаның емес, Таяу Шығыстың елі деп тануға бағытталған арнайы заң жобасын қарауға алды. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Заң Түркияны Еуропа мен Еуразия істері жөніндегі бюросының құзырынан алып тастап, оны Таяу Шығыс істері жөніндегі бюроға ауыстыруды қарастырады.

Fox News хабарлауынша, мұндағы мақсат "АҚШ-тың жауы саналатын елдермен байланыс жасайтын Түркияны тосқауылдап ұстауға талаптану". Вашингтон Анкараны "АҚШ пен НАТО одақтастарынан алыстап бара жатқан мемлекет" деп есептейді.

"Бұл Үкімет ХАМАС содырларын жасырып отыр. Экономикалық одақтастық арқылы Путиннің әскери машинасына қолдау көрсетеді. Сонымен бірге, Батыс одақтасынан артықшылық талап етуін жалғастыра отырып, НАТО-ның бірлігіне кедергі келтіреді. Америкалық дипломатия көзбояушылық жасауын доғарып, Түркияны бұрынғыдай Еуропаның бір бөлігі деп санауын қоюы керек", – деді жобаны Конгресс қарауына енгізген топты басқаратын конгрессмен Брэд Шнайдер.

Бұл ұстанымға Түркия Үкіметі наразылығын білдірді және түріктің сыртқы саясаты мен еуропалық бағдарын Конгресс мүшелерінің дұрыс түсінбей отырғанына нұсқады.

Айта кетсек, Түркия – НАТО-ның АҚШ-тан кейінгі ең қуатты мүшесі. 

Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды
24 қазан 2024
Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды

Кеше кешкісін Түркия Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлауынша,  теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алғаны айтылған.

Шабуылды жасаған екі лаңкес өлтірілді. Лаңкестердің бірі әйел.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.